Шежіре - Жалайыр

Шежіре - Жалайыр

Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен.
«Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым (арықбұйым), қалпе, сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан - арықтыным-байшегір, балғалы, қайшылы, күшік тарайды. Бірманақтан тек сиыршы (байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде бірманақтың аты аталмай, сиыршыны сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп он екі ата жалайыр атанған. Сырманақ, шуманақ атаулары Сыр мен Шу өзендерінің бойын жайлағандықтан шыққан делінеді. Ал бірманақ жеке-дара, жалғыз дегенді білдіреді. Кейбір шежірелерде жалайырдан шыққан, бір атадан тараған арықтыным-байшегірді екі атаға бөліп, он үш ата жалайыр деп аталады. Аңыз бойынша, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі ауылына таяу жердегі Оқшы ата (Мерген ата) қорымы жалайырға кіретін орақтының арғы атасы Орақ батырдың лақап аты екен. Кейінгі ұрпақтары оны әулие санап, атын тура атамаған көрінеді. Жалайырлар VI-VII ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. VIII ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. XI ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында қидан, шүршіттермен қанаттас тұрды. IX ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар - жат, тоқырауын, кунк сауыт (көн садақ), құмсауыт, урьяат (Рашид әд-Дин “ұят” деп көрсеткен), нилқан, құрқын, тулангит (төлеңгіт), тури (төре) және шаңқұт деп аталады. Рашид әд-Диннің пайымдауынша, жалайырдың саны көп болған тайпа. Қадырғали Жалайырдың пайымдауынша, жалайырлар “Келуран (Хэрлэн) деген жерді мекендеді. Жетпіс күрен құрылды, әрбір күренде мың үйлік тайпа бар еді” дейді. “Күрен” деп жорыққа 1-2 мың қол атқа қондыра алатын қауымды атаған (Д.Оссон, А. Березин). 1190 жылы Тэмуджин (Шыңғыс хан) мен Жамуха арасында болған “он үш күрен шайқасында” жалайырлар Тэмуджиннің бесінші күрені болып аттанады. Сөйтіп, олар әрдайым Шыңғыс ханмен бірге болды. Шыңғыс ханның әскери құрамында жалайырлар елеулі орын алды. Олардың арасынан әйгілі қолбасшы Төлегет бай Гун гуа ұлы Мұқылай шыққан. 1206 жылы Шыңғыс хан өз мемлекетінің шаңырағын көтеріп, елін 95 мыңдыққа бөлгенде Мұқылай бірінші мыңдықты басқарды. Оның аты еліне еңбегі сіңген 88 қайраткердің ішінен үшінші болып аталған. Шыңғыс хан мемлекетінің тоғыз қолбасшысы (өрлөг), ішкі тоғыз төресінің төбе төресі де осы Мұқылай болды. Ол әуелі уаң (тайпа, өлке билеушісі), одан кейін го ван (ұлыс билеушісі), соңынан хуй ун чинсан тәйші лауазымына ие болды. Шыңғыс хан империясы тарихында “го ван” лауазымына ие болған жалғыз адам Мұқылай еді. Ол өз өмірінде Шыңғыс ханның әскери, дипломатиялық тапсырмасын орындады, шығыс жорығының бас қолбасшысы болды. 1220-22 жылдары Мұқылай қолы Цзин әулеті мемлекетінің билігіндегі Хэбэй, Хэдун (қазіргі Шан Си), Шандун өлкесін бірінен соң бірін басып алды. Мұқылай осылай ат жалында қол бастап жүріп Шаньси өлкесінің Вэн Си Сян елдімекенінде 1223 жылы наурыз айында 53 жасында ауыр науқастан дүние салды. Хорезм жорығында жүріп бұл хабарды аса қайғыра қарсы алған Шыңғыс хан оның тұңғыш ұлы Бораға го ван лауазымын беріп, әке орнын бастыруға шығысқа аттандырады. Мұқылайдың ұрпақтары Юань әулетінің ақырғы кезеңіне дейін Шыңғыс хан әулетіне елеулі еңбек етті. Жалпы Шыңғыс хан әскері құрамында жалайыр тектілер елеулі рөл атқарды. Үгідей жасағындағы жалайыр Илугай үш мыңдықтың басшысы болды. Ал Мұқылайдың ағасы Тайсун, інісі Бұқа (әйгілі дарабоз Бұқа) және Ерохан (Ань Ши Сорахан деп жазған), Сартақ ноян, Бала ноян, оның ағасы Архай хоса және Тай Иесур, Мұқа Кәржулар әрқайсысы 95 мыңдықтың бір-бір мыңдығын басқарды. Аталған сегізге Мұқылай мен оның ұлын қоссаңыз Шыңғыс хан әскері құрылымының тоғыздан бір бөлігін жалайыр тектілер басқарды деген сөз. Жалайырдан шыққан Мунхасар ноян Мөңке қағанның тұсында империяның бас жарғышысы (немесе әділет министрі) болды. Мөңке қаған тұсында жалайырлар бұрынғы Төленің иелігіндегі ортүстік және шығыс әскерлері құрамында болды, ерлері батыс және шығыс жорығына аттанды. 13 ғасырдың соңында бұрынғы түркі тектес тайпалардың ең соңғы легінің батысқа қоныс аударуының жаңа процесі басталды. А.И. Левшиннің пайымдауынша, жалайырлар 13—14 ғасырлар тоғысында әуелі Сыр өңірі, одан Қаратау бойына қоныс аударып, сонда бес ғасыр бойы көз жазып қалған сырманақ, шуманақ тобымен қайта табысады. М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Шыңғыс ханнан соң жалайырлар төрт топқа бөлінеді. Бірінші бөлігі Моңғолия, Қытайда қалды. Екінші бөлігі Жошы ұрпақтарының билігіндегі Шу бойынан төменірек мекен еткен шуманақ тобы, үшіншісі — Шыршық және Ангран қойнауындағы жалайыр ордасы немесе сырманақ аталатын топ. Төртінші бөлімі Хулагу ханмен бірге парсы еліне аттанған топ. Сонымен, бүгінгі жалайырлар Қазақстанның алып өлкесіне шашырай қоныстанған қазақтың белгілі тайпаларының бірі. Қазақ халқының құрамындағы жалайыр тайпасынан Қадырғали Жалайыри, Балпық би, Ескелді би, т.б. белгілі адамдар шыққан.[1]
Жалайыр туралы жалпы хабар
Зерттеушілер атап көрсеткеніндей, Жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті IXX ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. Ол жайындағы алғашқы мағлұматтар монгол дәуіріндегі XIIIXV ғасырдағы жазбаларда ғана бар. Мәселен, Рашид ад-Дин ежелден жалайырлар көп өніпөскен ру деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол: кезінде жалайырлар Тұран мен Иранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, біразының монғолдарға «Шыңғыс-хан бабаларына» тұтқынға түсіп, ол Шыңғыс-хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметті орын алғаньш жазады. Оған қоса Рашид ад-Дин Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратыныи нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт. С. Аманжолов Рашид ад-Дин көрсеткен Жалайыр аталарының кейбір тегі қазіргі қазақтар ғана емес, өзге де рулың тармаңтарда барын аңғарады. Мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- Қоң-қауыттан қаңлыны, Санқауыттан саңғылды, Жәйіттен Жүйді (Кіші жүз), сонымен қатар қырғыздарды (шайтейіт руы) көруге болады. Қазіргі заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі Жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді. Тордан «торғұлдар» (Алтайдағы татарлар) таныл ады. «Тоқырауыт» пен «Нілкін» сөздерінен Нілкі немесе Нылқы (Іленің бір тармағы) мен Тоқырауын (Жезқазған) өзендерін аңғарамыз. Бәлкім, Көркін Құрыған, немесе Үшқұрыған (Орхон жазуында) сақалардың ата-бабаларының түп тамыры шығар. Сөйтіп, әзірше Оят пен Құмсауыт өз төркінін таппай өтыр, әйтсе де олардың анық түрік сөзі екенін мойын дамай қала алмаймыз.
Соған қарамастан Рашид ад-Дин өз еңбегінде XIII ғасырларда Жалайырлар монгол тілдес деп тұжырымдайды. Бұл орайда екі ұштылың жоқ деп ойлаймыз, өйткені әуелгіде монғолдарға тұтқынға түсіп, одан соң Шыңғыс-хан мен оның балалары әскерінің құрамына еніп, XIII ғасырда монғолша сөйлеуі де мүмкін. Бәлкім, осы мәліметтерге сүйеніп, Ш. Уәлиханов пен академик В. Бартольд Жалайырларды монгол рулары деп есептегеп шығар. Олардың ізінше М. Тынышбаев монгол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне сілтеме жасап, «Жалайырлар Еке-монғол (ұлы монгол) деп аталатын саны көп, күшті монгол тобынан шықты» деп есептейді.
Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның Қытай, Тибет, Түр-кістан мен Персияға жорықтарын қолдап отырды. Қытайды жаулап алған Шыңғыс-ханның әйгілі қолбасшысы Мұқылы-Тобан Жалайыр руынан шыққан. Шыңғыс-хан тұсында да, кейініректе де Жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі Монголия мен Қытайда қалды; екіншілер Жошының балаларына беріліп, Шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, ІП у-манақ деп аталды; үшіншілер Шыршық пен Ангрен алқабында қоныс теуіп, Жалайыр ордасы аталуымен мәлім (Сырманаң); төртінші топ Гулагу ханмен Персияға кетті. Одан әрі М. Тынышба ев жалпы нышандармен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. Мәселен, Ақсақ Темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370 жылы олар оның қарсыластары Дулаттар жагына шыгып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды; жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал бір кезде Багдатта да патшалық құрды.
Жалайырлардың басты бөлігін 1370 жылғы қашқын Сыр-манақтар келіп қосылған Шу-манақтар түзеді. Бұдан әрі М. Тынышбаев Жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның Ақ ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің үйтқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі Ұлы-Тауя ауданында болған деседі, осы кезде Оразмұхамет сұлтан өзінің жақыны Қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, Мәскеуге жөнелтіліп, Борис Годунов патша оларға Қасымов (Касимово) ңаласын беріп, Қадыргали Жалайыри онда Оразмұхаметтің ата- тегінің шежіресін жазды. XVIII гасырдың басындағы Жоңғар шапңыншылығына дейін Жалайырлар Шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» қайтадан Бетпақдала шөліне қарай се рпілді.
Одан кейін Жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында Қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар Жоңғарияны біржола күйреткенше, Аягөз өзеніне дейін жетті. Соның нәтижесінде азаттық алғаннан кейін, Жалайырлар Жетісудың Қаратал өзені жағасы мен Іле сағасын мекендеп қалды. Дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып Н. Аристов Жалайыр руларыныңаттары негізінде олардың монгол тектес емес, арғы тегінің аралас түркі- монғолдан шыңқанын ұсынды. Н. Аристовтың пікірін растай отырып, С. Аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін корсетіп, Жалайырлардың ежелгі түріктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдейді. «Мен Аристовтың пікіріне қосыламын, деп жазады С. Аманжолов, Жалайыр руы мен аталары Ұлы жүзде дс әр текті рулар одағының бөлігі. Бірақ, бұл, меніңше, бүкіл қазақ, қырғыз, өзбек руларына да тән. Нағыз жалайыр деп ол, бәлкім, монғол нышандарын айтатын шығар. Бұл тағы да халықтардың қоныс аударуына байланысты қате көзңарас. Жалайырдың бүкіл рулары кейін түріктеніп кеткен монғол тектес дегенге итермелейді». Ал, жағдаяттар басқаша баяндайды. Жалайырлар тармағының ішінде монғол билігіне дейін көптеген ежелгі түрік руларыыың болып, басқа да Ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңқаларлықтай мидай араласып кетуі, ол ардың (Жалайырлардың) монғол шапқыншылығына дейін түркі тектес болғанын көрсетеді. Хиуа ханы Әбілғазы Баћадүрхан Жалайырларды монғолдың Хайду ханының тұтқыны болғаннаы кейін ғана монғол атанды деп есептейді. Бұдан Жалайырлардың басым көпшілігі монғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, монғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. Ежелгі монғолдардың салт-дәстүрі бойынша, олар өз мырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдан» арылып, жоғары шен, ат ақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. Сондықтан Қытайды жаулап алғаыдардың ішінде Жалайыр Мұқа-ноянның болуы таңғаларлық емес (Әбілғазы). Одан әр і С. Аманжолов Жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың Сы р-манақ пен Шу-манақ тармақтарыыа айрықша назар қойып, бұлар ежелг і Дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-му ғун, шу-бань және басқалар. Олармен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен омана қ та байланысты болуы мүмкін. Диалектілерді зерттеу барысында біз Арал теңізі аймағындағы Шектілердің өздерін Жаманақ деп атайтынын анықтадық. Осыдан қазақ пен қырғыздардың ода и да жақын туыстығы мәселесі туыидайды, меніңше, «манақ» өң әуелі рулық атау емес, ол тіршілік ету сипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. Шу- маиақ сөзін «Шу бақташылары» (егер монғолдың «ман ақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «Шу бағбандары» (егер түр іктің «манау» бағбан») деуге болатындай. Әрі қарай С. Аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде Жалайырлардың қо ныстануын қадағалайды. Жалайырлардың басым көпшілігі бар уақ ытта Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, деп жазады ол, Бәлкім, біраз бөлігі Зеравшан алқабына қөныс аударған шығар. Жорықтарға ңатысушылар, әулеттер мен хандарды көт ерген жалайырлар (Қытай, Персия, Мысыр, Ресейдің оңтүстігі мен Сібірде), бәлкім, Шыңғыс-хан мен ұлдарына қ ызмет еткен жоғарғы әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. Жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят-монғолдар ішінде де бар. Олар мүмкін Әбілғазы жазған Хайду хан құлда рының ұрпақтары шығар.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-қ ұнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың әтникалық құрамы жайында недәуір мағлұмат табамыз. М. Тынышбаев қазақ халқ ының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде Жалайырлар жайында да орасан еңбек жариялады. Бұл деректе рдің бәрін зерттеп, өз жинағын мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құ рамы мен қоныстануын В. В. Востров монографиялық жұмысында ашып берді. Алайда, Жалайырдың бұл рулың ңұрамында оның 13 атасының ғапа тізімі беріледі. Салыстырмалы түрде біз Жалайырлардың тегін сәл де бо лса анықтайтын қолда бар деректердің бәрін зерттеп, өз бақылауларымызбен толықтырып, қал-қадарынша Жалайыр руының қомақтық құрамының таралуы жайын түздік (9 а, ә, б, в-қос ымшаны қараңыз). Экспедициялық зерттеулер кезінде бізд ің мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы кеңшардың тұрғыны 1891 жылы т уған (Жалайыр) Кама л Дүйсенбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Куйбышев атындағы кеңшардың тұрғыны 1899 жылы туған (Жалайырдың Мырзабәйбіше руынан) Қожахмет Нұрлыбаев; Т алдыңорған облысы Киров ауданы, Ленин атындағы колхоздың тұрғыны 1910 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Нұрғазы Иманғазиев; сол облыстың Гвардия ауданы, Кир ов атындағы кеңшарының тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Әб ілқасым Жантайлақов; Талдықорған облысы, Киров аудапы, Мұсабек атындағы кеңшардың тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Орақты атасынан) Әлд ибек Естаев; Талқорған облысы, Киров ауданының тұрғыны, 1909 жылы туған (Жалайыр) Байжомарт Дәндебаев; сол облыстың Киров ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Шайық Самалтыров; Талдықорған облысы, Киров ауданынан 1901 жылы туған (Жа лайырдың Сыпатай руынан) Бекмұхамбет Байтұрбаев; Талдыңорған облысы, Киров ауданы, Октябрь аулының тұрғыны 1891 жылы туған (Сыпатай руынан) Әбділда Боранбаев; Талдыңо рған облысы, Киров ауданының Бозтоған аулының тұрғыны 1900 жылы туған (Жалайыр) Бекқожа Біләлов; сол облыстың Киров ауданы, Кеңарал аулының тұрғыны 1896 жылы туған (Жалайырдың Қарашапан руынан) Сапарғали Майсүтов; Алматы облысы, Баңанас аулының тұрғыны 1916 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Керім Байжомартов; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1888 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Мезет Жиенбаев; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1890 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Қосбай Кенжебаевтар қол ұшын аз берген жоқ. Бұл ақсақалдар Жалайыр руының қоныстануы, ата тегі, көші-қонның өтетін жолдары туралы біраз мағлұмат берді. Ал, кейбір қазақ ш ежіресінің білгірлері Жалайыр руының тұтас ата-тегі туралы жаңсы мәлімет түсірді. Солардың санатына Қожахмет Нұрлыбаев, Медет Жиекбаев пен Нұрғазы Иманғазиевты жатқызуға болар еді, олар бү кіл Жалайыр руының жіктелуі және соған байланысты әтникалың тарихы жөнінде көптеген аңыз жазып берді. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, жазба деректерде саңталғандай, Жалайыр руы жерсінуіне байланысты екі ірі аймақты қ топқа Сырманақ пен Шуманаққа бөлінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз Нұрғазы Иманғазиев және басқалардың көрсетуінше тағы бір Бірманақ тобы болған, алайда ол сыртқы жаулаушының қолына түсіп, сонда қалып кетеді.
Ол жергілікті қызға үйленіп, одан Қосай және Њосым бет қалады. Балалары жас кезінде Бірманақ дүние салып, өлер алдында: «Тарақ таңбалы елдеріңді табыңдар» деп өсиет айтады. Жалайырдың рулық белгісі (тарақ таңба). Әкесінің аманатын орындап, балалары қандастарына қайтып оралады. Аңызда айтылғандай, жасөспірім Њосайды Шуманақтың ұлы Андас, ал Қосымбетті Сырманақтың ұлы Байшегір паналат ады. Сөйтіп, олар Жалайыр руының ңұрамына Күшік (Қосай) пей Арықтыным (Қосымбет) болып енеді. Ұлы жүздің басңа рулары арасында, Жалайырдың өз ішінде де жалайырларды «Он екі ата Жалайыр» деп атайды. Алайда, жеме-жемге келгенде әуелгі атағанның өзінде олар 13 ата болып келеді. Ең алғашқы Жалайырдың рулық құрылысы жөніндегі мәліметті біз 1825 жылғы архив деректерінен табамыз, онда жалайырдың он екі атасы: Андас, Мырза, Күшік, Сыйерке, Қалпе, Балехлы, Қарашапан, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Ларақтынауыл мен Қығысылдар. Бұнда көптеген бұрмалаулар болғанмен, қазіргі әтно нимдерді оңай ұғуға болады: Андас Мырза, Күшік, Сиыршы, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Арықтын ым мен Қырғыздар. Алайда, бұл жерде де аздаған дәлсіздіктер бар, біріншіден, әуелг і атадан тарайтын екі ру Орақты мен Ақбұйым жоқ, екіншіден соңғы ру Қырғыздар Андасқа кіреді, сондықтан ол ата болып есептелмейді, кейіигі үрім-бұтақтарға жатады. Келесі Жалайырлардың ру-тайпалық құрылымы жөнінде толық та дәл сипаттама беретін дерек көзі XIX ғасырдың 60-жылдардың ортасында пайда болды. Н. Абрамов өзінің бұл еңбегінд е: Жалайырлар басты 12 атаға бөлінеді, олар бейне бір Шуманақ мен Сырманақтан т арайтындай. Шуманақтан жеті ата: Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбұйым, Қалпе мен Сыпатай ; Сырманақтан бес ата: Арықтыным, Байшегір, Сиыршы, Балғалы мен Қайшылы. 13 ата кейінірек Балғалымен ңосылды. Оның кіріккен аты Н. Абрамовтың ойынша, Күшік болып саналады. Бұл автордың жоғарғы әтнонимдердің ңазақша баламасын дәл бергендігін атап өту ләзім, себебі тек қана Қайшылыны «Қалшылы» деп біраң рет жаңсақтық жіберген. Бұдан Н. Абрамовтың ата тегін таратуда біздің зерттеуімізде айтылғандай, үшініш «Бірманақ» тармағы жоқтығы көрінеді. Бірманақ рулық бірлестігі жалғыз Н. Абрамовта ға на емес, бүкіл орыс деректерінде кездеспейді. Әрине, бұл жағдай біздің мәліметшілеріміздің деректеріне күмән туғызбай тұра алмайды. Байыпты тұрғыдан Н. Абрамов өз пайымдауларының негізінде жалайырлардың қандай атаға бөлінетінін келтіреді. Мәселен, Анд ас Қалқа мен Тұлымбек болып екіге бөлінеді. Олардың ага сұлтаны би Тіленші Балпықов болды. Қалқа жеті атад ан тұрады: Дүйсенбі, Андабай-Тоңат (600 үй), Қанай-Қонай, Қырғыздар, Жомарт, Айтымбет пен Қарақұс (600 үй). Тұлымбек төрт топқа таралады: Меңлібай, Кенжеке, Шүре к пен Қошқар (350 үй).
Мырза атасы үшке бөлінеді: Әліке (500 үй), Бәйбіше (150 үй), мен Аман (660 үй). Олар дың аға сұлтаны Жайнақ Темірбеков. Қарашапан атасы үш тармақтан тұрады: Тәңірберген, Баташы мен Қалжамбет (500 үй). Аға сұлтан Тәжі Қанхожин. Ораңты руы екі топ: Жайықбай мен Көкшекөз (300 үй). Аға сұлтан Шынәсіл. Ақбұйым (230 үй) атасының аға сұлтапы Елшін Құлмамбет ов, Қалпеде (200 үй), аға сұлтаны Қамбар Аланов, ал өлар қандай атаға бөлінетінін Н. Абра мов айтпайды. Сыпатай руы алтыға жіктеледі: Ақ марқа, Қара марқа (300 үй), Сау ық (150 үй), Шылымбет (180 үй), Есеней мен Күшік (200 үй). Олардың аға сұлтаны Қамбар Аланов бөлып есептеледі. Арыңтыным үш атаға бөлінеді: Өтес, Сүтісіңген мен Өміржан (600 үй). Аға сұлт аны Тілегіүшел Тілеубаев. Байшегір екі атаға ажырайды: Тыныш пен Жамбет (700 үй). Аға сұлта ны Бақай би. Сиыргпы руы екі тармаққа тарайды: Сырымбет пен Бәйімбет (800 үй). Аға сұлта ны Тілеуберді Ескелдин. Балғалы руы төртке бөлінеді: Құлым (240 үй), Шағыр (80 үй), Өгіз (55 үй) , Нияз-Бараң (55 үй). Аға сұлтаны Тысыбаев Бөлек би мен құрметті сұлта н Жиқы Айдаров. Қайшылы руы (200 үй). Аға сұлтаны Ұйықтүс Будабаев. Күшік руы төрт тармаққа тарайды: Таз, Жабысңан, Қарасақал мен Маржа (700 үй). Аға сұлтаны Есен Дәулетов. Осылай келіп, Н. Абрамов Жалайырды 12 негізгі атаға бөліп, 13-ата Күшікті кейіннен қосылған деп санайды. Н. Аристов Абрамовпен іле-шала Жалайырдың негізгі 12 атасын санамалап, Күшік оған кейіп келіп, балғалы қо-сылатынын нұсқайды. М. Тынышбаев 12 атаны екі тармақтан Шуманақ пен Сырманақтан қарастырып, Андастың орнына МаңғытайКүшікті атайды, себебі, опың мәлі мдеуінше, Маңғытай Андастың атасы, ал Күшік бұл руға қосылған болып есептеледі. Бұл орайда К үшік руының тегі туралы аңызды айта кету артық емес. Оның тағы бір түрінде Шуманақ Ахметқожаның екі ұлы болыпты: Маңғытай мен Барақ. Маңғытайдан Андас, ал Барақтан Наркелді, одан Қосай мен Қосымбет шығады. Наркелді ерте өліп, оның жетімектері Қосайды Андас, ал Қосымбетті Байшегір бауырына басады. Қосайды Андас «Күшік», Қосымбетті Байшегі р «Арық» деп еркелетеді. Қосымбет кішкентай, әлжу аз, бір жағынан ңартайған Байшегірге қамқор болғандықтан, ол әрқашан «Арығым» деп еркелетеді. Осыған байланысты тағы бір аң ызды айта кеткен жөн. Қосымбеттің ңызы Арғынға күйеуге шығып, ол төркініне Әлмамбет деген баласын жетелей, екіңабат болып оралады. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келіп, оны Т ыным ден атайды. Есі кірген Әлмамбет әкесіне кетіп, Тыным нағашыларына сіңіп, Байшегірдің бір а тасы болып кетеді. Кейіннен Арық (Қосымбет) п ен Тынымның ұрпақтары ңосылып, өз алдына жеке Жалайырдың Арыңтыным атасын құрайды. Аңыз бойынша Күшік Андастың тұстасы, сондықтан біз Күшіктің Жалайыр руының 12 атасына кірмейді дегенге күмәнданамыз. Оның үстіне Н. Аристов Жалайыр күшіктерінің ңұрамында ежелгі қырғыздар болғандыңтан, оларды қ арақырғыздардан шықты деп есептейді. Біздің мәлімет берушілеріміздің бәрі бір ауыздан «12 ата Жалайыр» деп мойындай отыра, Жалайыр руының бірінші буынын міндетті түрде 13-ке жеткізеді. Ал, біздің бұл сәйкессіздік себептерін сұраған сауалымызға ешкім тиянақты жауап бере алған жоқ. Әлбетте, біз Жалайыр тегінің аралас шығып, ежелден келе жатқан р у екеніне күмәнданбаймыз. Бұл туралы Рашид ад-Диниің ізінше Аристов те, Аманжолов та атап өтеді. Демек, ең әуелі жалайырлар әлде бір көсем мен күшті рудың бастауымен біріккенде 12 ата болған, ал сонан соң табиғи өсім нәтижесінде әлде бір тайна суырылып шығып, өзінен өзі бірінші буынға қосылады, әйтпесе сырттан әлде біреулер киіп-жарып енсе, ол халық зердесінде қалмай ңоюы да ғажап емес. Бұл орайда, Н. Аристовтың Жалайыр рула рының кейбір аталарының шығуы туралы оның: «Күшік пен Арықтыным ңарақырғызда н шығуы мүмкін, өйткені Күшік пен Арықтың сүйегі ежелгі қараңырғыздар руына жатады. Б ұған қоса, Жалайыр рулары Дулат ішінде де кездесе ді (Саршалар Ботбай руында, Шығыр Жаныстарда, Байшегір Жалайырда, Албандарда Сырымбет пен Қошқар). Андас руындағы Қараңырғыздар (Қырғыздар) олардың құрамына бертініректе енуі де мүмкін. Жалайыр руындағы Сыпатай, Ақмарңа мен Қарамарқа өз есімдерімен Алтайдың Марңакөлін еске салып, олар осы есімді Қарлұқ руының бір ңалдығы ма де ген ойға да түрткі береді; Қарлұқтар Батыс Хантәңіріне оңтүстік-батыс Алтайдан келіп, бұнда Марқа есімін таратуы да мүмкін… Жалпы, Ұлы жүздің Жалайыр тармағы әр түрлі рулардан шығып, бас құраған о дақтың бөлігі, олар бастапқыда Жалайырдың әлдебір көсемінің бастауымеи алғ ашқы кезде Жалайырлардың нағыз өзі аз болғанымен бірігіп, әр түрлі жағдай дың әсерімен күшейіп, мызғымастай тұтасып кетуі мүмкін» деген пікірге ден қойғызады.
Қалай дегенде де Ұлы жүз руларының ішінде Жалайы р иоқта ағасы, ең үлкені, құрметтісі және жауынгері болып есептел еді. Жалайырлардың жауынгерлігі жайында коптен бері қалыптасқан «Әзірейіл барда жаным бар деме, Жалайыр барда малым бар деме» деген қазақтың халық мәтелі де растайды. Жалайыр руы өкілдерінің а ғалығы мен құрметтелетінін Н. Гродеков та қуаттайды. Ол: «Жалайырлар қазір иоқта ағасы болып есептеледі. Жиын-тойда, табақ тартқанда рулардың үлк ені Жалайыр бар ма деп сұрайды. Жалайырлар жоқ болса, құрметке Ошақты руы ие болады» деп жазды. Сонымен, әдеби деректер мен қазақ шежіресіне сәйкес, жалайырлар Сырманақ жә не Шуманақ болып екіге бөлінеді. Аңыздағы Бірманақ пен оның ұрпақтары (Қ осай мен Қосымбет) туралы жоғарыда айтылғандықтан, оған қосыпаларымыз жоқ. С ырманақ тармағы бесеу: Арықтыным (Қосымбет), Байшегір, Сиыршы (Байкөбен), Балғалы мен Қайшылы. Аңыздағы Бәйшегір «Арьгқ» деп атайтын Қосымбеттен Қауыс, Жылкелді, Өміржан, Алтын Базар мен Қытай ұрпақтары өрбиді. Тыным Қосымбеттің жиені, тағдырдың а йдауымен нағашысында қалып, одан Майемген, Етемген мен Сүтемген енші алды. Соңғыдан Омажан мен Тілес, кейіннен Арық пен Тыным ұрпақтары қосылып, Сырманақ ішінде бір р у Арықтыным аталып, ақырында 12 ата Жалайырға еніп кетті. Біздің мәліметіміз бойынша, Байшегірден көп ата бөлінеді: Жиембет, Бекпенбет, Нұрымбет, Тынымбет, Абыс, Қобыс, Мыржық, Итай, Есқара, Ақтеке, Атайбоз, Дәулендабыл, Ақша мен Есімбол. Біз Байшегірден бүкіл алғашңы 14 атаны таратқа нмен, бәлкім, олардың кейбіреуі кейінгі буындар болып кетуі де кәдік. Алайда, олардан басңа салыстыру үшін деректер жоқ болғандықтан, ататек кестесінде бұл әтнонимдерді Байшегірден тараған бірінші ата деп көрсетуге тура келді. Ал, олардың Байшегір руына жататынына күмән жоқ. Сиыршы (жанама аты) руы аталмыш шежіреде Байкөбен деп аталады. Бұл есім халық арасы мен ғылымда кеңінен тарағандықтаы, бұдан былай қарай да осы әтнонимді қолданамыз. Сиыршы алты атаға ажырайды: Сырымбет, Шәлімбет, Жақсымбет, Тоқымбет, Жолымбет, Бәйімбет. Тоқымбеттен әйгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы (18351903) шықты. Бәйімбеттен Жылгелді мен Ескелді би туды. Балғалы екі атадан тұрады: Құлымбет пен Құлын. Құлымбе ттен алты ұл өпіп-өседі: Шағыр, Дәулетай, Қаракөз, Тоқбай, Өгіз, Ниязбара ң. Құлыннан бес тармақ: Шоқы, Алдаберді, Жарым, Ақжол, Барлы. Өкінгенмен, қолымызда Қайшылы руы туралы әдеби де, зерттеу де деректері жоң (9а қосымшаны қараңыз).
Жалайыр тайпасының Шуманақ рулық бірлестігі сегіз і рі атаға айырылады: Андас, Күшік (Қосай), Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақ бұйым, Қалпе, Сыпатай. Шуманақтардың ішіндегі ең көбі мен ірісі Андас руы, ол 10 атаға бөлінеді: Қырғыз, Қалқа, Ақтолымбет, Қаратолымбет, Құттық, Байқара, Жұман, Меңдібай, Алқұлы, Кенже. Қалқа атасынан Дүйсембай, одан Қайдауыл мен Дәрбісәлі. Қайдауылдың 4 ұлы болды: Түрке, Саурық, Аспан, Сайбақ. Дербісәліден де 4 ұл тараған: Балпық би, Салпық, Білдебай, Кешубай. Ел арасында әулие саналатын Балпық бидің есімі Андас руының жауынгерл ік ұранына айналады. Ақтолымбет үш атадан тұрады: Қошқар, Шүрек, Төлек. Қошқар өз кезегінде екі тармаққа тарайды: Төлебай мен Құлболды. Шүректен Сәмен мен Есімбек. Кейінгіден Таймөңке мен Тәттібай батыр (Абылай ханның заманд асы). Таймөңкеден көп ұрпақ өрбіді: Кембала, Көбес, Айдар, Бектас, Жантас, Бейбіт, Бекқалы, Ералы, Байтас, Байыс, Тоқтауыл, Тоқтамыс, Қылыш, Қарамырза. Тәттібай батырдың үш ұлы болды: Түйте , Қаңтарбай, Қарымбай би, соңғыдан Назарбай, одан Керімқұл (1925 жылы ол 65 жаста болған). Қаратолымбеттен екі бұтақ: Аңңау-Абыз бен Лаулык-Абыз. Құттьгқтан да екі ата бөлініп шығады: Қарақұс, Саттар. Байқарадан да е кі бұтақ: Андабай мен Таңат; Жұман атасынан төрт үрім-бұтақ кетеді: Әйтімбет, Жомарт, Шәкі мен Шүкі. Меңдібайдан Көтен мен Бөрте. Кенжеден, біздің қолымыздағы мәлімет көрсеткендей, екі бұтаң өрбиді: Арқар мен Құлжа. Қырғыз бен Алңұлы аталарының тегі туралы біздің ңолымызда әдеби де, зерттеу де деректері болмады. Күшік (Қосай) руы беске бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Самбақ, Сары -Бөкенбай. Таздан Байқара Есентүгел. Есентүгелдің төрт ұлы болды: Майқы, Марңа, Бек назар, Асан. Еспенбеттің бес ұлы атқа қонды: Баба, Досай, Жаманқара, Бақы, Сира қ. Қарасақал бес атаға айырылады: Дәулет, Бекбау, Ырысымбет, Әділ, Жа рмұқан. СамбақтанМолдас пен Сүйіндік. Молдастан төрт ата: Қараменде, Сырымбет, Жалаңтөс, Қойгелді. Сүйіндіктен Байсары, Байтоқ, Өтебай. Орақтыдан бес тармақ кетеді: Әжіке, Тоқа, Кенже, Кокшекөз, Жайықбай. Әжіке екі атаға: Сауыр мен Көшейге бөлінеді. Көкшекөзден Өстемір мен ПІынтемір, Жайықбайдан Қарабай, Алшынбай, Ақша.
Ақбұйым атасы екі атадан тұрады: Құяс пен Сары (9-қосымшаны қараңыз). Мырзадан Бәйбіше (Бәйдек), Аман, Әліке. Бәйбішеден (Бә йдек)- Тонды, одан Тағайбек, одан Бегім. Бегімнің екі ұлы болды: Асыр мен Жәнібек. Ас ырдан Төлебай, Қалыбай, Керік (Сақау). Керіктен Алқазы, одан Телбай, одан Жұмыр, одан Қалжатай, одан Нұрлыбай, одан Қожахмет (мәлімет беруші 1899 жылы туған). Біздің мәлімет берушімізден Жалайырға дейін 15 ата. Жәнібектің бес ұлы болған: Сойырғас, Жарылғас, Жайыл мас, Борсық, Мама-Тайыр. Аман Қожаназар, Есберді мен Артық болып бөлінеді. Со ңғыдан Ораз бен Жанақ. Қожаназардың ұрпағы көп: Сәбден, Њалыбек, Есенбай, Есенқабыл, Есқара, Есберлі, Дәулетбай, Асан, Тілеубай, Үсен. Әліке атасы 6 буын: Сүйінішәлі, Қадам, Қожамқұл, Сарыбай , Жиенәлі, Шұңғыр. Сүйінішәліден екі ұл: Сары мен Амандық; Жиенәліден үшеу: Үшқара, Сарғалдақ, Байгелді; Шұңғырдан Сатыпалды мен Қараша. Сатыпалдыдан екі бұтақ тарайды: Өмірұзаң пен Тауасар; ал Қарашадан Маясар, Тақабай, Дуан. Қожахмет Нұрмановтан жазып алға н қолжазбамызда Мырза руының тегі бүгінге дейін жетеді. Бірақ, б із одан бері 34 атамен шектелдік. Қарашапан руы 8 ата: Тәңірберген, Боташы, Қалмамбет, Айтңұл, Кен тай, Қуат, Еспен, Дәулет. Соңғыдан Кішкенебай, одан Шәрілдей, одан Мақабай, одан Майсүт, одаи Сапарғали (мәлімет беруші 1897 ж. туған). Сыпатай руы үш бөлек: Саулық, Шілімбет, Марқа. Шілі мбет атасы үш тарау: Бекбау (Бәйімбет, Майлыбай, Жолдыбай, Шымырбай, Көзайдар) , Есенәлі (Байсейіт-Айдарке, Елмәмбет, Байқара, Едіге) мен Кенже (Байдәуле т, Үзбасар, Бекмырза, Сасық). Марқа руынан үшеу: Өтеп, Есеней, Көшек. Көше ктен Есназар, Ерназар, Маматай. Соңғыдан Есенгелді, Байжігіт, Мәуке. Қалпе руының әтыикалық құрылымы бойынша әдеби деректерден де, біздің зерттеуде де ешнәрсе табылмады.
Жалайырдың рулық жауынгерлік ұраны жалпы Ұлы жүз бен Дулатқа тән«Бақтияр» (Гродеков, Аристов), «Бақтияр» мен «Қоблан» (М. Тынышбаев), «Бөрібай» (С. Аманжолов), «Қоблан» (Востров пен біздің зерттеуімізше). Бұлардан басқа кейб ір аталардың өз ұраны болған. Сиыршының ұраны«Ескелді» (Ескелді би есі-мімен), Андаста«Балпық» (Б алпық би есімімен), Ақбұйым, Сыпатай мен Қалпеде ортақ ұран «Бекбау». Мырза мен Арыңтынымның, сонымен қатар жалпы ру ұраны «Әдіке». Бұндай рулың ұрандардың жақындығы олардың әлде бір туыстығын танытады. Жалайырдың рулық таңбасы немесе (Гродеков, Аристов пен Аманжоловтың көрсетуіпше), (М. Тынышбаев). Бұл белгілердің түрлері тарақ таңба делінеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр рула ры Жетісу уәлаятының Верный мен Қапал уездерін қопыстанды, ішінара топтары С ырдария уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде жайлап жүрді. Бұл уездердегі Жалайырлардың саны әр түрлі дерек-терде өткен ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында келтірілгенмен шамалас. Мәселен, Н. Абрамов XIX ғасырдың екінші жартысының басында Жалайыр лардың рулың құрамы, саны мен қонысы туралы 1867 жылы мақала жариялады. Онда Қапал уезіндегі Жалайырлардың санын 13 атамен береді. Андас (1550 үй), Мырза1310, Қарашапан 500, Орақты 300, Қайшылы 200, Ақбұйым 230, Қалпе 280, Күшік 700, Сыпатай 830, Арықтыным 660, Байшегір 700, Сиыршы 800, Балғалы 430 үй бәрі 8410 үй. Бұл мәлімет бәлкім дәл болмас, дегенмен, ру аталарының ара-қатысы жайында жақсы мағлұм ат танытады. Н. Аристов өз еңбегінде басқа құрылымды келтіреді, онда 1889 жылғы жалайырлардың сапы айтылады.
Ол бойынша бүкіл Жалайыр 17 000 шаңырақ. Солардың 16 098-і Жетісу уәлаятының Қапал уезінде, қалғандары Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде мекен еткен. М. Тынышбаев 1917 жылғы Жалайырлардың санын есептеп, онда Қапал уезінде 120 000 жан, Әулиеата 10 мың, бәрі 130 мың жаи болғанын тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр руының ең көп атасы Андастың қыстаулары үш қонысты алып жатты. 1) Қаратал Тентек аралығынан бастап Қараталдың Балқаш көліне құяр жеріндегі Аралөткел, Еспай-Төлебай, Жаршаған, Үшмола, Жалғызтораңғы, Ақжал, Тентек, Мақаншы қойнауы; 2) Малайсары мен Желдіқара таулары, Құлөзек, Шөладыр, Ашудасты, Қарасу шатқалдары; 3) Верный уезінің оңтүстік батысындағы Бесмойнақ шатңалы мен Бұғымүйіз жазығы. Аз ата Мырзаның қы стауы әр жерге орналасты. Қауымиың көпшілігі Қаратал, өзенінің оң жағасындағы Қарақөй, Б урақой, Дауылбай мен Қайрақты жоталарында, Сарыбастау, Қызылауыз, Қарашоқы мен Шаңырақ шатқалдарында; басқа бөлік Қаратал өзенінің сол жағасындағы Шөпадыр, Достарболды мен Жоса лы шатқалдарын сағалады. Мырзаның кейбір атасы Сарыкөл жағалауында ңыстады. Мырза руының жалпы ортақ жайлауы қыстаудан қашық емес Дегерес, Сарыжазық қойнауларында еді. Қарашапан қыстаулары Њаратал өзенінің жағасындағы Кеңарал, Көксу өзенінің Шолақ, Желсаз шатқалдарында, сонымен қатар Алатау баурайына кірігіп жатты.
Орақты руының қыстаулары Қаратал өзенінің орта ағысының батысындағы Жуанқұм мен Жетіжал, Биже өзенінің жоғары жағындағы Ақжал шатқалдарын, сонымен бірге Малайсары тауындағы Өгіз ұшырған қойнауларын алып жатты. Ақбұ йым руьшың қыстаулары Алтынемел тауларында, Қызыл мен Тамшыбұлақ, Іленің төменгі тұсындағ ы Шарқат шатқалдарында ірге көтерді. Қалпе руы Биже мен Тентек өзендеріні ң сағасында, Баулыбай, Аралқұм, Ақжал, Жаманқұм мен Бестас құмдарын қыстады. Сыпатай руының біраз қауымы зерттеушілердің көрсеткеніндей, үш жерде тұрақтады көпшілік бөлігі Ешкіөлмес, Мүқыр, Лабасы тауларының Бөлекші, Дүңгене, Алтыбай, Киден шатқалдарын қыстаса, басқалары Алтынемел тауының Ащыбұлақ, Қызылбұлақ шатқалдарын, ақырыпда үшінші топ олардан солтүстікк е қарай Жертоған, Қарағайлы, Үшөзек қойнауларында қоныс тепті. Арықтыным руының қыстаулары Қаратал мен Іленің сағаларында, өзендердің екі жағасындағы Қаратал-Қаракөл, Майлыбай, Балқожа, Іленің оң жағындағы Жиделі, Көкөзек, Құрөзек, Ақсақал, Бозтөбе, Есенқожа, Құрлы шатқалдарында болд ы, ал сонымен бірге кейбір топтар Оңтүстік Балқаш құмын, Бақанас өзенінің құр табанын қыстап жүрді. Байшегір руының көптеген қауымдастығы Арықтынымдықтармен қоңсылас Іле өзені сағасының екі жағын алып жатты. Қапал мен Верный уездерінің шекарасы Іле арқылы өткендіктен, Байшегірлер Балқаш көліпің оңтүстігіндегі байтақ жермен қоса Верный уезінде де тұрып жатты. Байшегір руының көпшілік қауымы Қапал уезінде Іле өзенінің оң жағасыида қоныстанды. Бұл қауымдастық та үш жерде топтасты: байшегірліктердің шағын қауымдастығы балғалылықтармен бірге Аққаптал шатқалында қыстаса, басқа бір бөлігі Іле өзенінің оң жағасында Қараөзек, Көкөзек, Күркі жә не басқа шатқалдарда, ал үшіншілер Балқаш көлінің жағасында Іле сағасындағы құм жиек терінде өмір сүрді. Көктеу мен күзеулер де қыстаулар маңайында орналасты. Жайлауға оңтүхтікке қар ай ойысты, Балықты, Сарыноқай, Қазыбек, Қоскөл қойнауларына дейін жетіп, жарлы-жақ ыбай жатақтар Іле сағасындағы Балқаш көлінің бұғаздарында тіршілік етті. Байшегір руыиың егістігі қыстаулар қасындағы Іледен шыққ ан арық, тоғандар төңірегінде жатты.
Ал жалпы алғанда қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911-ші жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсысылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күнкөруге әуелде таудың оңтүстігінде өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көлдария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, құдай,
Қабырғама қара жер батты, құдай.
Жаяу жүрсем табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрінің білетін себебі осылайша-дүр.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала: Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала: Шанышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала. Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан Ақтымсопы онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала: Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала: Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен Аспан, Бозғұл: Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.
Кәрім Бәтішұлы, «Айқап» журналы, 1911 жыл №1

Шежире для русскоязычных казахов Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков. Содержание •1 Казахи и шежире •2 Современные шежире •3 См. также •4 Ссылки Казахи и шежире Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды. Современные шежире Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов. Шежире состоит из трех жузов Старший жуз Айдарлы Акарыс Аксакал Албан Алыбай Асан Байдибек Байдолла Байтерек Бактияр Беимбет Бирманак Ботбай Дулат Ескельды Жалайыр Жалманбет Жансакал Жаныс Жаримбет Жарыкшак Жолдаболды Ибраиым Іле Калыбай Канлы Караш Кейкі би Когам Куйылдар Курті Меайкы Мекрейіл Ойсыл Ошакты Сакалды Сары Сарыуйсін Сіргелі Суан Сыйкым Сырманак Толыбай Узынсакал Уйсіл Шанышкылы Шапырашты Шегир Шуманак Шыбыл Шымыр Ысты Средний жуз Аргын Атыгай Ашамайлы Баганалы Базархан Байталак Балталы Басентиин Бахрам Бегендык Беймен Бетке Болаткожа Елемес Ергенши Ер-Косай Ескара Жадик Жаманбай Жангулы Жантекей Жантели Жастабан Ители Казыгул Камбар Канжыгалы Карагерей Каракас Каракесек Каракипчак Карасопы Каратай Караул Карауыл Кенсадак Керей Кетбуга Китайкипчак Кокжарлы Коккоз Конырат Котенши Куандык Куланкипчак Кылдыбатыр Кыпшак Мадьяр Матай Мейрам Меркит Молкы Мулкиаман Наганай Найман Садыр Сарман Сарысопы Суиндык Суйениш Таракты Тобыкты Токпак Токтамыс Тортеуыл Тортул Торыкипчак Уак Шегендык Шеруши Шимойлы Шубарайгыр Шубыртпалы Младший жуз Адай Алаша Алимулы Алтын Байбакты Байсары Байулы Баксиик Бериш Есентемир Жагалбайлы Жаппас Жетыру Каракесек Карасакал Кердери Кереит Кете Маскар Ногай-казак Рамадан Султансиик Табын Таз Тама Тана Телеу Торткара Шекты Шенеш Шеркеш Шумекей Ысык Возникновение 3-х жузов Вопрос о жузах также является не вполне решенным. В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов. Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов. Причины образования жузов: 1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу. 2. Природно-географические (территориальные) факторы. 3. Военно-политические факторы (для защиты). 4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.). Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее). Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех. Территории и основные роды и племена, составляющие жузы: Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др. Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д. Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др. Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов. Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста