Шежіре - Шанышқылы руы

Шежіре - Шанышқылы руы

ШАНЫШҚЫЛЫ да Ұлы жүз құрамына кіретін ру. Бұл рудың шығу тегі мен тарихы жайында көне деректерде ешнәрсе жоқ. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде (П.И.Рычков, А.И.Тевкелев, А.Левитин, Ш.Уәлиханов) "ол (шаныпщылы) Ұлы жүз құрамына кіріп, Қаратау мен Талас өзенінің күнгейінде көшіп жүреді" деген мағлұмат бар. Алғаш рет Шанышқылы руының тарихы мен шығуы туралы Н.Аристов өз жорамалын келтіріп, Шанышқылының отаны - Алтайдағы Бийдің бір саласы Аққу өзені мен Шошқалы, Шаңғылбұлақ, Қалжыр өзені ағып шығатын Марқакөлдің сағасындағы құмандар арасында деп тұспалдайды. Қаңлы мен Шанышқылының шығу тегі жоғарыдағы келтірілген аңызда Бақтиярдың өкіл баласы Қатағанмен байланыстырыла қарастырылып, Шанышқылының ежелгі мекені ретінде Алтай өлкесі айтылады. Қатағандар туралы Әбілғазы еске алып, өзі (Әбілғазы) қазақтар арасында 1632 жылы болғанда Қазақ ханы Есім хан Ташкент билеушісі қазақтан шыққан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағандарды тонап, қысымшылық көрсеткенін айтады. Ол Қатағандарды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бұқым-Қаттаннан шығарады. Ал Рашид ад-Дин Қатағандарды көшпелі ру Қатақин деп атап, оларды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бу гунхатақидан таратады. Сол себепті қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болды деп топшылауға болады. Әрине, олардың саны онша көп емес еді. Сырдарияда қатағандар жергілікті Қаңлы мен Шанышқылылар құрамынан тұрып, әлде бір қатағанның әйгілі бегін қорғау үшін соларға қосылғандар болатын.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Одақтың ыдырап, Есім ханның қудалауының салдарынан Сырдарияның оң қабағындағы Қатаған руы да ізім-ғайым жоғалады. Олардың қалған-құтқан бөлігі басқа тайпаларға қосылып немесе Шанышқылы руларына сіңіп, Шанышқылы болып кетті. Қатағандардың басым көпшілігі Шайбани әулетімен бірге Мауараннахрға кетіп, бір бөлігі Қазақстан аумағын мекендеп қалды. XIX ғасырдың екінші жартысында қатағандар (қораластар) Әулиеата уезінде тұрып келді (Мақашев пен Смирнов көрсетуінше). Қатағандардың көпшілігі басқа қазақ руларымен мидай араласып кетті, мәселен, Ысты аталарының ішінде Асанқараған мен Байқараған әлі күнге Шымкент уәлаятында тұрып келе жатыр деседі. М.Тынышбаев қатағандардың бір бөлігі Шанышқылы болып, Қаңлы руына қосылып кетті деп есептейді. Шанышқылы руы туралы тағы бір жорамалды Н.Аристов алға тартып, ол «Шанышқылы атауын, сонымен қатар моңғолдың «Юактгаоми-шиде» деп айтылатын Чаншиут, әйтпесе Чанкшикит рулары профессор Березин Рашид ад-Дин бойынша қияттардың тармағы - Женшқұт есіміне сай келеді. Олай болса,
Шанышқылы ұрпағы Шағатай кезінде Қаңлының жергілікті руынан қалыптасып, Шағатай моңғолдарынан шыққан Чаншиут немесе Шанышқылы атасының атын иемденіп, одақ түрінде құрылды» деп есептейді. Біздің қолымызда Шанышқылы руының шығуы мен тарихы туралы бұл жорамалды нақтылайтын жазба немесе басқа деректер жоқ болғандықтан, осымен шектелуге мәжбүрміз. Соған қарамастан, Шанышқылы руы туралы Н.Аристовтың пайымдаулары көңілге қонымды екенін айта кеткен жөн. Шанышқылының Алтайдан шыққаны туралы топонимдер мен этнонимдер негізіндегі ой, атаулардың кейбір моңғол этнонимдерімен сәйкестігі туралы, олардың жергілікті қаңлылар мен қатағандармен байланысы туралы тағы басқа мәліметтер толық назар аудартады. Шанышқылының ата-тегінің құрамы хақында М.Тынышбаевтың шағын мақаласынан басқа әдеби деректер некен-саяқ. Тынышбаевтың зерттеуінше, Шанышқылыдан Сымыршық, одан Айрылмас (шанышқылылардың ұраны); одан Құрбақа (Балық, Саңырау, Мамыт), Дарқан, Қырықсадақ, Бектау (Қырпық, Арапшы, Сырдым), Жойсын, Бағыс (Қырғызтекті). Біздің зерттеуімізде де Шанышқылы туралы жарияланымдар жарытымсыз. Біз тек бір ғана мәлімет беруші Алматы облысы Шелек ауданы Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаевтың берген мағлұматтарына сүйене аламыз. Оның айтуынша, Қоғамнан үш ұл: Қаңлы, Шанышқылы, Қатаған туады. Шанышқылыдан - Балық, Күрпік, Дарқан, Саңырау. Балықтың кіндігінен төрт бала бар: Торқыс, Көңсалық. Балта, Ақкерей. Күрпіктен - Мамыт, Араншы, Әжіке, Бесауыл, Сұрым, Кият. Дарқаннан - Құлтума, Еңкеш, Шотым, Оршақ. Саңыраудан - Көкмойын, Сәрке, Бақа , Жаңбыршы. Бұл Шанышқылының ата-тегі туралы мәліметтер, әрине. аталарды ажырату үшін салыстыру мен айқындау үшін жеткіліксіз, алайда барын қанағат тұтуға тура келеді. Шанышқылы руының жауынгерлік ұраны - бәйгеде «Айрылмас», ұрыс-қақтығыста - «Шанышқылы». Бұл туралы Гродеков, Аристов, Тынышбаев пен Востров жазды, ал Аманжолов «Айрылмас» пен «Бәйтерек» деп есептейді. Бұл кейбір шанышқылы аталарының қаңлылар құрамына кіргендіктен, олар «Бәйтерек» ұранын пайдаланатын болар. Шанышқылының рулық таңбасы (қолтаңба).
XIX ғасырдың аяғына таман (Мақашевке сүйенгенде) шанышқылылардың аз бөлігі Жетісу өлкесі Верный уезінің Түрген өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Сырдария уәлаяты Ташкент уезінде 2000 түтін, Верный, Қапал, Әулиеата, Шымкент және Ташкент уезінде барлығы 10 000 түтін болған. М.Тынышбаевтың дерегінше, 1917 жылы қаңлылар мен шанышқылылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, ал Ташкент уезінде 160 мың жан өмір сүрген. Тағы да сол көрсету бойынша, жоғарыдағы үш уезд көлемінде 190 мың жан шанышқылылар қоныстанып жүрген. Қаңлылар мен шанышқылылардың саны туралы мәліметтер олардың, негізінен, Қазаңстанның оңтүстігіне таралғанын көрсетеді. Бұл барша уездерде қаңлылар мен шанышқылылар төрт маусым бойы қоян-қолтық көшіп-қонып жүргендіктен, олар бірге саналады, бірақ жан басы жағынан тепе-тең емес еді. Қапал. Верный, Әулиеата уездерінде шанышқылылардан гөрі қаңлылар басым болатын, ал Ташкент уезінде жоғарыда айтылғандай, шанышқылылар 2000 түтін құрады. Қаңлылар мен шанышқылылардың Қапал уезіндегі ата-қонысы - Алтынемел тауларының етегінде, Верный уезінде Түрген өзенінің аңғарында, Әулиеата уезінде Талас өзенінің аңғарында және Ташкент төңірегінде Келес пен Шыршық өзендері бойында орналасты.
Шанышқылы руының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіріп, суармалы егіншілікпен айналысу болатын. Олар жартылай отырықшы және отырықшы ғұмыр кешті. Әлбетте, отырықшылар егін салып, бидай, арпа, тары мен қауын-қарбыз еккен. Сонымен, біз Ұлы жүздің ірі-ірі он бір руының рулық-тайпалық құрылымы, олардың Жетісудың Қапал, Жаркент пен Верный уездеріндегі, Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездеріндегі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қоныстануы туралы қысқаша шолуымызды аяқтаймыз. Әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде 11 рудың 20 ата-тегі туралы кесте жасалды. Олардың тұтастығы мен толықтығы бойынша бұл тектану кестесі әртүрлі болды. Кейбір рулар мен аталар бойынша, олардың этникалық құрылымы жайында әлдеқайда мол қамтылды. Жалайыр, Албан, Шапырашты, Дулаттың кейбір аталары бойынша біздің зерттеулеріміз тектану кестесіне енбей, орташа мағлұматпен шектелінді, ал Сарыүйсіндер мен Шанышқылы жайында деректеріміз тақұл-тұқыл болды. Соған қарамастан, біздің тектану кестемізден Ұлы жүздің рулары мен аталық құрамы туралы белгілі жүйеде түсінік алуға мүмкіндік бар.
Рулардың рулық құрылымы туралы мағлұмат бермей тұрып, алдымен мүмкіндігінше ежелгі рулар: Үйсін, Дулат, Жалайыр мен Қаңлылардың шығуы мен тарихы жайында деректер беру қарастырылды. Содан соң біздің кестемізге сәйкес, рулық-тайпалық құрамы келтірілді. Одан кейін рулар мен аталардың қоныстануы, көші-қоны да қағажу қалған жоқ. Ауа райы мен жер ыңғайына байланысты жеке рулар, аталар мен қауымдастықтың негізгі кәсібінің бағыты атап өтілді. Қал-қадарынша әр аудандардағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі де тілге тиек етілді.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.
Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Содержание
•1 Казахи и шежире
•2 Современные шежире
•3 См. также
•4 Ссылки

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов
Вопрос о жузах также является не вполне решенным.
В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.
Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:
1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.
2. Природно-географические (территориальные) факторы.
3. Военно-политические факторы (для защиты).
4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).
Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).
Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.
Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:
Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.
Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.
Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.
Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.
Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста