Шежіре-Қарайымдар

Шежіре-Қарайымдар

Қыпшақ тайпасынан шыққан қарайымдар Хазар империясы кезінде, 8 -10 ғасырларда, Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген. 8 - ғасырда қарайымдар йудаизмнің Қараизм тармағын құраған.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Кейінірек қарайымдар үш негізгі топқа бөлініп кетеді. 1-топ Қырымда қалады. 2-топ Галицияға қарай қоныс аударады. Ол жер - қазіргі Украина аймағы. Ал үшінші ең үлкен топ 14-ғасырда қазіргі Литваның Тракай деген ауданына қарай көшеді.
17-ғасырдың аяқ шенінде шығыс орталық Европада 30-дан астам қарайым қауымдастығы болған. Бірақ одан кейін бір ғасыр өтер-өтпестен эпидемиялық аурулар, қантөгісті соғыстар кесірінен олардың саны күрт азаяды. Соған қарамастан олар жасайтын елдерде қарайымдар діни қауымдастық мәртебесіне ие болып келген.
Литва Ұлттық зерттеу орталығының 1992-жылғы деректеріне қарағанда, Литвадағы қарайымдар байырғы тұрғындар ретінде шағын ұлт мәртебесіне ие.
Юдаизмнің Қараизм сектасына жататын қарайымдар Библияны негізгі діни кітап ретінде санайды. Олардың діни ғибадат ететін жері кенеса деп аталады. Литва астанасы Вильнюста және Тракай қаласында бәрі болып екі кенеса бар.
19-ғасырдан бастап зиялы қауым, алдын алмаса, Қарайым әдеби тіліне қауып төнетінін ескертіп, Қарайым тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды қолға алады. Ол кезде жарық көрген сөздіктерде халық ауыз әдебиеті үлгілері – мақал-мәтел, жұмбақтар, өлеңдер көп қамтылғанымен, абстрактылы терминдер, ғылым, техника және философияға қатысты атаулар дерлік кездеспеген.
20-ғасырға дейін Қарайым әдебиетінде Еврей тілі негізіндегі таңбалар пайдаланылған. Бірақ кейінірек қарайымдар қай елде өмір сүрсе солардың әліпбиін қолданған. Олардың Балтық бойында қоныстанған бір тобы 1990 - жылдан бері Литвандардың жазу жүйесіне көшкен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста