Жүргіш күйеуінің жыныс мүшесін екі рет кесіп алды
Қытайда тұратын Фен Лун есімді 21 жастағы келіншек 32-дегі күйеуі Фань Лунаның өзіне адал емес екенін білгеннен кейін оның «аспабын» екі рет кесіп алған. Бұл туралы Wow хабарлады.
Күйеуінің көңілдесіне жазған хатын электронды поштадан оқып, оның өзіне адал емес екенін біліп қойған келіншек жатын бөлмеге кіріп барып, төсекте жатқан еркектің жыныстық мүшесін кесіп жібереді. Осыдан кейін шұғыл ауруханаға жатқызылған Фань Лунаның пенисін дәрігерлер қайта тігіп береді. Бірақ қызғаншақ әйел ол жатқан палатаға басып кіріп, аспабын тағы да кесіп алады. Бұл жолы ол оны терезеден сыртқа лақтырып жібереді.
Сол жерде еркек шыдамай кетеді. Ол бар күшін салып, төсегінен тұрып, қаны сорғалаған бойы әйелдің артынан жетіп, оны ұрып-соғады. Бұдан кейін полиция адам денсаулығына ауыр залал келтірді деген айыппен келіншекті тұтқынға алады.
Дәрігерлер еркектің мүшесін екінші қайтара тігіп берее алмайды. Себебі, оны лақтырылған жерінен таба алмапты.
Бір қызығы, Фань Луна осы кезге дейін бес баланың әкесі атанып үлгерген екен.
ras.kz