Жүк көлігі 8 автокөлікке соқтығысып, 50-ге жуық адам мерт болды

Жүк көлігі 8 автокөлікке соқтығысып, 50-ге жуық адам мерт болды

Кениядағы адам көп жүретін қиылыста болған жол-көлік апаты салдарынан 48 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап жазды.

Жүк көлігінің жүргізушісі батыстағы Керичо қаласына жақын маңдағы Лондиани қиылысында автокөлігін игере алмай қалған, деп жазды жергілікті БАҚ.

 

Жергілікті полициядағы дереккөздің сөзінше, 30 адам ауыр жарақат алған, олардың саны көп болуы да мүмкін.

 

Бір немесе екі адам әлі де аударылған автокөліктің астында қалған болуы мүмкін.

 

AFP ақпарат агенттігінің дерегі бойынша, Керичоға бара жатқан жүк көлігін жүргізуші көлікті басқара алмай сегіз автокөлікке, бірнеше мотоциклге, жолдың жиегінде тұрған адамдарға, саудагерлерге және т.б. соқтығысқан.

 

Куәгерлердің кениялық БАҚ-қа айтуынша, жүргізуші жолда бұзылып тұрған автобусты айналып өтуге тырысқан.

 

«Біз жүргізушілерді жолда абай болуға шақырамыз, әсіресе қазіргі нөсер жауын кезінде мұқият болғандарыңыз абзал», - деді Кения президенті Уильям Руто.

 

Интернетте тараған суретте қызыл жүк контейнері жолдың жиегінде аударылып жатқаны көрініп тұр.

 

Жергілікті БАҚ айтуынша, жаңбыр құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Ауа райының апатқа әсері болған-болмағаны белгісіз.

 

Шығыс Африкада жол-көлік оқиғасы – кең танылған мәселе. Себебі ірі қалалардан басқа жерлерде жолдар, әдетте, тар болады.

 

Былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің веб-сайтында континентте жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны әлем бойынша жоғары екенін мәлімдеді.

 

Былтыр Кенияның орталығында автобус көпірден Нити өзеніне құлап, 34 адам қаза тапқан болатын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста