Мексиканың Оахака штатында автобусқа құзға құлап, 29 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қаза тапқандар арасында 1 жастағы бала бар. Тағы 19 кісі жараланған.
Олардың 14-і қазір ауруханада.
Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушылар көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, 25 метрлік биіктіктен құлап кеткен.
Альфонсо Зарате, Магдалена Пеньяско қаласының мэрі:
- Жолаушылардың көбі ел астанасы Мехикоға барып, сауда-саттық жасап, кері қайтып келе жатқан. Мына автобусты арнайы жалдап алған. Тергеу амалдары басталды.