Үндістанның Жоғарғы соты жезөкшелікті кәсіп деп таныды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтее жасап.
Интимді қызмет ұсынушылар ол әрекеттері үшін заң алдында жауап бермейді. Себебі жезөкшелік енді мұғалім, педагог секілді арнайы мамындық қатарына қосылып отыр.
Сол үшін соттағылар секс-жұмыскерлер заң бойынша абыройға және тең қорғауға құқылы, олар өз кәсіптеріне байланысты қамауға алынбауы керек деп мәлімдеді. Енді полицейлер олардың жұмысына кедергі келтіріп, үстерінен қылмыстық іс қозғай алмайды.
Бұл туралы India Today жазды. Нагешварой Рао бастаған сот алқасы шығарған қаулыда интимдік қызмет ұсынушыларға қатысты бірнеше нұсқаулық бар.
"Жеңіл жүрістілер де өзгелер секілді заңмен қорғалады. Егер интимдік қызмет көрсетушінің ересек екені және бұл жолға өз еркімен барғаны белгілі болса, полиция кез-келген қылмыстық әрекетке араласудан немесе шара қабылдаудан бас тартуы керек. Мамандыққа қарамастан әр адамның лайықты өмір сүруге құқығы бар екенін жоққа шығарудың қажеті жоқ", — делінген сот қаулысында.
Сот алқасы сонымен қатар секс-жұмыскерлерді қоғамдық үйлерге жасалған рейдтер арқылы қамауға, жазалауға, қудалауға болмайды деп шешті. Өйткені ерікті түрде жыныстық қатынасқа түсу қызметін ұсыну заңсыз емес.
Сонымен қатар сот жезөкшенің баласы болса, ана мен баланы екіге айырудың қажеті жоқ деген шешім шығарылды. Себебі кәмелет жасына толмаған бала жезөкшелер үйінде анасымен бірге тұрса, ол құлдыққа түсті деген сөз емес.
Қаулыда БАҚ өкілдеріне жезөкшелер туралы ақпарат таратарда барынша сақ болу керектігі ескертілді.
Соттың келесі тыңдалымы 27 шілде күні өтетін болды.