Украинадағы соғыста қаза тапқан «вагнерлік» сарбаздардың моласын сүріп тастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған моланы кезінде Евгений Пригожиннің өзі келіп ашқан. Қазір зираттардың бетіндегі крест белгілері түгел алынып тастап, жер тегістелген.
Бұған ашулы «Вагнер» сарбазы билік өкілдерін «құдайдан безгендер» деп айыптады.
Еске салайық, 23 тамызда Евгений Пригожин мен «Вагнердің» өзге де командирлері мінген ұшақ әуеде жарылып, жерге құлады. Бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапқан.
Олардың мәйіттерін анықтау үшін қазір сараптама жүргізіліп жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz