«Жер сілкінісі 3 сағатқа созылған» – Түркияда оқып жатқан қазақ қызы

«Жер сілкінісі 3 сағатқа созылған» – Түркияда оқып жатқан қазақ қызы

Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болып, дүйсенбі күні елдің әр аймағында дүмпулер сезілді. Қираған үйлер, зардап шеккендер көп. Соның ішінде қаза болғандар саны 200 адамнан асып кетті. Turkystan.kz тілшісі Түркияда білім алып жатқан студент Әлия Бостанмен хабарласып, қазіргі жағдай туралы пікірін білген, - деп мәлімдейді Alashainasy.kz.

Студенттің айтуынша, жер сілкінісінің ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылған және үрейленген халық даланың суығына қарамастан сыртта тұрып, күтулеріне тура келген.

 

Түнгі сағат 4:17 шамасында Кахраманмараш провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.  Жалпы, жер сілкінісі аталған қалаға жақын орналасқан қала аумақтарында да сезілген. Мәселен, Хатай, Анкара, Қараман, Кония, Адана сынды қалаларда. Жер сілкінісі үш сағатқа созылған. Түнгі төрттен жетіге дейін. Түркияда кешеден бері толассыз қар жауып жатыр, сол себепті бүгін университеттер мен мектептер жабық. Кейбір жұмыс орындары да өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Жер сілкінісінен қорыққан халық күн суықта далада күтулеріне тура келді. Мен өзім Қараман деген қалада тұрамын, Кахраманмараштан 120 километр қашықтықта орналасқан. Бізде түнгі 4:20 да сезілді. Үш-төрт рет сездік. Ұзақтығы 2 минутқа дейін созылды. Қорыққандарымыз сыртқа шығып күттік. Қатты зардап шеккен қала тұрғындарына жергілікті билік көмек беріп жатыр. Жалпы, бүкіл халық болып көмектесіп жатыр десем қателеспеймін. Себебі, басқа қалалар да құтқару жұмыстарына деп өз мамандарын, техникаларын жіберіп жатыр. Кахраманмарашта қазіргі таңда 42 құтқару көлігі мен екі тікұшақ жұмыс істеуде.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста