Ұлыбританияда секс-құлдықтағы қызды 18 ай бойы әбден азаптаған ерлі-зайыпты 22 жылға сотталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
27 жастағы Кевин Уоррен мен 35 жастағы Донна Моррис жақында ғана 20-ға толған бойжеткенді секс-құлдықта ұстап келген. Олар бойжеткенді 18 ай бойы зорлап, әбден азаптайды.
"17 ай бойы олар мені жануардан бетер азаптады. Соңына қарай менің күшім әбден сарқылып, тірі өлікке айналғандай болдым. Сол сәтте бұл қорлықтарға ендігі шыдай алмайтынымды түсіндім", - дейді бойжеткен.
Ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылса, оның ғашығы төрт жыл түрмеде отыратын болды. Оларды полицейлерге бойжеткеннің өзі ұстап берген.
"Олар мені қаржылай тәуелді етіп, өзіне бағынышты қылды. Алайда бір күні мен полицияға барып, бәрін жайып салдым", - дейді зардап шегуші.