Кофеханада қызмет көрсетуші қыздар алдыңыздан жалаңаш қалыпта шыға келсе не істер едіңіз? Бұл туралы VizFactor сайты сөз қозғады.
Енді өзіңіз ойлап көріңізші, таңертең бір шыны кофе ішіп, сергіп шықпақшы болып өзіңіз келіп жүрген дәмхананың табалдырығынан аттай қойып едіңіз, дәл алдыңыздан енді денесі шілері тәрізді матаның арғы жағынан тұтас көрініп тұрған бойжеткендер шыға келсін. Олардың үстінде шынында лыпа жоқ, бірақ киім секілдендіріп сурет салынып қойылған. Сол кезде қандай ойда болар едіңіз?
Америкадағы Nestle компания аяқ астынан тап осындай акция жасап көріпті. Осы арқылы ол кофеге қосылатын қаймақтарын жарнамаламақ болған. Бұл маркетингілік іске ол дәмхананың екі сатушысымен бірге, бір топ актрисаны және көрермендерді тартыпты.
ras.kz