Ыстықкөлде «Таблетка» су аттракционында демалушылар теплоходқа соғылып, қыз бен жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Кабарға» сілтеме жасап жазды.
Өңірлік ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға туралы үш зардап шегуші түскен ауруханадан хабарланған.
23 шілде күні сағат 16:30-да Шолпан-Атадағы жағажайлардың бірінде моторлы катер «Таблетка» су аттракционы қызметін көрсетіп, демалушыларды қыдыртқан. Туристер отырған баллон теплоходқа соғылады.
Оқиғада үш адам зардап шекті, оның екеуі қыз бен жігіт сол күні жансақтау бөлімінде қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші хирургия бөлімінде ем алып жатыр.
Милиция күдіктіні ұстады, ол тергеу кезінде кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Шолпан-Ата қаласында Ыстықкөл жағажайында гидроцикл (су скутері) екі адамды қағып, мерт қылғаны туралы хабарлаған едік.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz