Хронология: Париждегі лаңкестік әрекеттер

Хронология: Париждегі лаңкестік әрекеттер

Көшелердегі атыс, халыққа лық толы стадион алдындағы жарылыстар және концертке келген көрермендерді кепілге алу. Жұма күні кешке Парижде қатарынан бірнеше лаңкестік шабуыл жасалған. Қанды қырғында қаза тапқандардың саны 128-ге жетіп, 200-ден астам адам жараланған. Бұл да соңғы мәлімет емес, ақпарат ұдайы жаңарып жатыр. Ел президенті Франсуа Олланд Францияда төтенше жағдай жариялады. Париждегі лаңкестік әрекеттер туралы алғашқы ақпарат Астана уақытмен сағат 03:00-де түсе бастады. Лаңкестер өз шабуылдарын адам көп жиналатын орындарда жасаған. Алдымен содырлар Париждің солтүстігіндегі кафеде отырғандарды атып тастады. Осында 14 адам қаза тапты. Көп ұзамай стадион маңында екі жарылыс болған. Футболдан Франция мен Германия құрамаларының кездесуін көруге стадионға мыңдаған адам жиналды. Олардың арасында Франция президенті Франсуа Олланд та болған. Жарылыстардан шамамен 40 адам көз жұмды. Осы кезде қаланың 11-ауданында мұздай қаруланған содырлар «Батаклан» концерт залын басып алды. Лаңкестер концерт залындағы 112 адамды атып тастаған. Полицияның арнайы бөлімі ғимаратты бір сағат бойы шабуылдаған. Бірнеше минуттан кейін куәгерлер Өнер мен мәдениеттің ұлттық орталығында атыс шыққанын хабарлады. Францияда төтенше жағдай жарияланып, Парижге 1500 әскер кірді. Франсуа Олланд, Франция президенті: - Лаңкестерді жойып, бүкіл аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қарамағымызда бар күштерді жұмылдыруды шештік. Париж бен қалаға іргелес елді мекендерде тәртіп сақшылары кезекшілік етеді. Сондай-ақ шекараламызды жабуды шештік. Осындай әрекет жасауға елімізге ешкім келмейтініне көзіміз жетуі керек. Қаланың оныншы және он бірінші аудандарын қоршауға алып, тұрғындарға үйлерінен шықпауға нұсқау берілді. Осы аудан арқылы өтетін метрода жұмыстарын тоқтатты. Соңғы мәліметтер бойынша, осы шабуылдардан 150-ден астам адам қаза тауып, 200 ден астамы жарақаттанған. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Барак Обама Францияға қол ұшын созып, көмек беруге дайын екендігін айтты.
24.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста