Иранда кем дегенде 60 студент шариғат шәлсін тақпағы үшін оқудан шығарылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іslam.kz тілшісі The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Парсы елінде 1979 жылы ислам революциясынан кейін іле-шала қабылданған ережеге сәйкес кәмелет жасына толған әйел адам (жергілікті тұрғын болсын, шеттен келген мейман болсын) ел аумағында, дәлірегі, қоғамдық орындарда оранып жүруге міндетті.
Бұл ереже талаптарын ескермегендерге дүйім жұрттың көзінше сөгіс жарияланады, айыппұл салынады және белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Иран университеттерінің студенттер кеңесінің өкілдері шариғат шәлісін тақпаған студент қыздардан кем дегенде 40-ы оқудан шығып қалғанын мәлімдеді.
Ал «Иранның құқық қорғаушылары» деп аталатын үкіметтік емес ұйым (HRAI) дерегі бойынша ең аз дегенде 64 студент қыз осындай себеппен оқудан шеттетілген және үшеуі оқудан шығарылған.
Өткен жылы ел тарихында тұңғыш рет әйелдердің еркіндігіне қатысты аса ауқымды шеру өтті. Оған Мақсы Амина есімді 22 жастағы қыздың хижаб кимегені үшін полиция қолынан қаза тапқаны себеп болған еді. Билік өкілдерінің (полиция) асыр сілтеген әрекетіне наразы жұрт көшеге шығып, әйелдердің бүркену таңдауын өзіне қалдыруды талап еткен болатын.
Ал 2023 жылы Иранның тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда ашық-шашық жүретін әйелдерді анықтау үшін бейне бақылау камераларын пайдалануға көшкен болатын.