Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей президенті қоғамдық ұйымдар, діни конфессиялар, жетекші саяси партиялар, шын мәнінде, бүкіл Ресей қоғамы конституциялық құрылысты қолдаудың берік, біржақты қағидасын ұстанғанын айтты.
Владимир Путин, Ресей президенті:
– Оқиға басталғаннан-ақ туындаған қауіп-қатерді бейтараптандыру, конституциялық құрылысты, азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін барлық қажетті шешімдер дереу қабылданғанын ерекше атап өтемін.
Путиннің сөзінше, қарулы бүлік кез келген жағдайда тоқтатылатын еді. Бүлікті ұйымдастырушылар мұны түсінді.
Путин бүлікті ұйымдастырушылар өз елін, халқын сату арқылы сол қылмысқа тартылғандарды да сатқанын айтты. Оларды алдап, оларды өлімге, отқа, өз адамдарын атуға итермеледі.
Ол "Вагнер" жасағының жауынгерлері мен командирлерінің басым көбі өз халқы мен мемлекетіне берілген ресейлік патриоттар екенін білетінін атап өтті.
Владимир Путин, Ресей президенті:
– Оларды ел үшін, оның болашағы үшін бірге соғысқан қарулас бауырларына қарсы қара ниетте пайдалануға тырысты.
Путиннің айтуынша, оқиғаның басынан-ақ оның тікелей нұсқауымен үлкен қантөгіске жол бермеу шаралары жасалған.
Сондай-ақ ол "Вагнер" жалдамалы жасағының сарбаздарына РФ Қорғаныс министрлігімен немесе басқа да күштік органдармен шарт жасасуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
"Қалағаны Беларуське кете алады", – деді ол.
Соынмен қатар Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жағдайды бейбіт жолмен шешуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
26 маусым күні "Вагнердің" негізін қалаушы делінетін Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.