Үндістанда құдыққа құлап, 35 адам көз жұмды

Үндістанда діни мереке кезінде құдыққа құлап, 35 адам көз жұмды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sky News сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мадхья-Прадештегі Индаур қаласының ғибадатханаларының бірінде болды. Тұрғындар индустардың Рамнавами мерекесін тойлауға жиналды. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері мақсатына сай пайдаланылмаған ескі құдықтың үстіне салынған. Көпшіліктің салмағына шыдамай, ғимараттың едені құлады.

Рамнавами мерекесінің "Хаван" от рәсімі кезінде бетон плитасы құлады. 

18 адамды құтқардық, 35 адам мерт болды, 16 адам жарақат алды, – деді жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің бірі.


Өлім саны одан да көп болуы мүмкін.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. 75-тен астам адам құтқаруға атсалысуда, әскерилер үйінділерді бөлшектеп, адамдарды арқан мен баспалдақ арқылы құдықтан шығарып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста