Үндістан ауылдарының бірінде кекшіл маймылдар иттерді қырып тастап, енді балаларға шабуыл жасай бастаған. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанның Махараштра штатындағы Лавул ауылында қараша айының ортасында маймылдар иттерге шабуылдай бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл оқиға иттер маймылдың баласын өлтіргеннен кейін басталған. Келесі күні маймылдар иттерге шабуыл жасай бастады: оларды ұстап алып, үйлердің шатырларына көтеріп шығарып, жерге құлатқан.
Бір айдың ішінде маймылдар 250 үй ит өлтіріп, Лавулда бірде-бір ит қалмаған. Ауыл тұрғындары маймылдарды ұстап, жағдайды бақылауға алуды талап еткен. Алайда жіберілген полицейлер біреуін де ұстай алмаған.
Осыдан кейін Лавул тұрғындары иттерді өздері қорғауға тырысқан, алайда маймылдар адамдардан айласын асырып, үй жануарларын құтқару үшін үйлердің төбесіне шыққан кейбір тұрғындарды да құлатқан.
Оның үстіне иттермен күресін аяқтаған маймылдар балаларға шабуыл жасай бастады, бұл адамдардың иттерді құтқару үшін жасаған әрекеттері үшін болуы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдары маймылдың сегіз жасар мектеп оқушысына шабуыл жасағаны туралы хабарлады, ол бірнеше адамның көмегімен ғана құтылып кеткен. Маймылдардың шабуылы әлі де жалғасуда.
Stan.kz