Украина Ресейдің 2024 жылғы Олимпиадаға қатысуына қарсы шықты
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадағы Ресей мен Беларусь спортшылары қатыса алады деген еді. Алайда бұл мәлімдемеге Киев өткір реакция білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz шетелдік басылымдаға сілтеме жасап хабарлайды.
Владимир Зеленский бір күн бұрын Украина астанасын тағы да атқылағанын әлемге есіне салып: «Томас Бах шындықтан алшақ» деген болатын.
Сөзін қуаттай отырып, Украина президенті өз елінің спортшыларының фотосуреттерін көрмеге қойды. Кадрларда спортшылар жаттығатын ғимараттардың қирағаны түсірілген.
Қытай, керісінше, ХОК-тың ресейліктер мен белорустардың бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру бастамасын қолдап отыр.
Украина президенті болса Ресей спортшыларының халықаралық сайыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болғанына наразы.
"Халықаралық олимпиада комитеті басшысының мәлімдемесінен көңіл қалды. Онымен қанша сөйлесем де, одан Ресей спортшылары халықаралық сайыстарға қатысар болса спортты насихаттан қалай құтқарғысы келетінін естіген емеспін", - дейді ол.
Зеленский соғыстың бүкіл шындығын көру үшін ХОК басшысы Томас Бахты Бахмутқа шақырды.
Айта кетсек бұған дейін ХОК Украинадағы соғысты қолдамайтын Ресей және Беларусь спортшыларын сайысқа қатыстырылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.