Түркияда қайтадан жер сілкінді. Магнитудасы 5,8 балдық зілзала Астана уақытымен сағат 15:04-те болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жолы ошағы Малатья провинциясында тіркелді. Осы өңірдегі Ешилюрт қаласында бұрын бүлінген бірнеше ғимарат қирады.
Еске сала кетейік, Түркия мен Сирияның шекаралас аумағындағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда болған еді. Осы екі елде зілзаладан көз жұмғандар саны 50 мыңнан асты. Содан кейін тағы 10 мыңға жуық дүмпу қайталанды.