Түркияда зілзаладан зардап шеккендер енді дүлей дауылға тап болды

Түркияда зілзаладан зардап шеккендер енді дүлей дауылға тап болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарашта дауыл тұрып, бір адам қаза тапты және 44 адам жарақаттанды. Ақпан айындағы зілзаладан зардап шеккендер тұратын шатырлар да бүлінген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі TRTHABER-ге сілтеме жасап жазды.

Алапат дауыл қатты бұршақ жауған аудан орталығында пайда болды. Мемиш Өздал ауданындағы торнадо кейбір үйлердің шатырына зақым келтірген.

 

Торнадо салдарынан бір адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды. Ол жер сілкінісіне байланысты орнатылған шатырлар мен контейнерлерге де әсер еткен. Аудандағы кейбір көліктердің төңкерілгені де байқалады.

 

Аймаққа жіберілген жандармерия десантшыларының жасақтары зардап шеккен аудандарда жұмыс істей бастады.

 

Пазарджиктің үйлестіруші губернаторы және Кырыккале губернаторы Бюлент Текбийкоглу жер сілкінісінен зардап шеккендер мүмкіндігінше тезірек басқа шатырлар мен контейнерлерге орналастырылатынын айтты.

 

«Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша біздің ауданда бұршақ жауды, соңы құйынға ұласты. Зардап шеккен 6 адамның жағдайы анағұрлым ауыр, екеуі аса ауыр жағдайда. Шамамен 170 шатырға зақым келген. Оларды ауыстырып, қайта құруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста