Түркияның Коджаели қаласындағы Дериндже ауданында Түрік астық кеңесіне тиесілі қоймада жарылыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Анадолыға сілтеме жасап жазды.
Коджаели губернаторы Седдар Явуздың айтуынша, жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті.
Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар астында адамдар қалған жоқ.
Астық қоймасындағы жарылыс себебі әзірге белгісіз.
Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару, медицина және полиция бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz