Түркияда жалпыхалықтық сайлауға азаматтардың 93,6% қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Елдегі сайлау нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Әрбір өңірдің статистикасы есептеліп жатыр.
Анадолы агенттігінің алдын-ала болжамына сүйенсек, Ердоған алда.
Ал Анканың мәлімдемесі бойынша, Кылычтароғлұ жеңіске жетуі мүмкін.
Десе де сайлаудың нақты нәтижесі әлі белгісіз.
Айта кеткен жөн, Түркияда сайлау құқығына 60 млн астам адам ие болды.