Ұлыбританиялық жасөспірім қыздар Түркияның курорттық Аланья қаласында сексуалды зорлыққа тап болыпты.
Алайда қонақ үй қызметкерлері мұны біле тұра полицияға хабар беруден бас тартқан. Тіпті қыздарға «өздерің кінәлісіңдер, өздерің «топтық секс» іздеп жүрген турист шығарсыңдар», дүрсе қоя берген екен.
Екі жас қыз өмірінде бірінші рет өз бетінше шетелге демалуға аттанғанын айтады.
Алайда үш күннен кейін екеуінің демалысы тозаққа айналды: бір қызды қонақ үй қызметкері зорлап тастаса, екіншісін бір түрік азаматы жағажайда жатқан жерінде күшпен зорлапты.
Қыздар қонақ үй әкімшілігіне келіп, жағдайын айтқанда, қонақ үй қызметкерлері әлгі қыздарды мазақ етіп, тіл тигізіпті.
Көмек көрсетіп, полиция шақырудың орнына «өздерің ішіп алып, жыныстық қатынас іздегенсіңдер ғой» деп, беттеріне тік айтыпты.
Түрік полициясы да қыздардың арызын жауапсыз қалдырған.
Екі қыздың бірінің анасы бұл жағдайды жай қалдырмаймын деп, іске білек сыбана кірісті. Қыздар болса, енді Ұлыбритания елшілігіне барып шағымданбақ.