Түркияның өзінде қаза тапқандар 38 мыңнан асты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл – жергілікті төтенше жағдай қызметінің соңғы деректері. Үйінді астынан 8 мыңға жуық адам құтқарылған.
Сирияда көз жұмғандар саны 5 800-ден асып отыр.
«Әл-джазира» телеарнасының хабаралуынша, жұмаға қараған түні Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында тағы жер сілкінді. Оның қуаты 5,1 баллға жеткен.
Қазір Түркия мен Сирияда үйінді астынан адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.