Түрікменстан бұқаралық ақпарат құралдары Ашхабадта қарулы төңкеріс жасамақ болғандар ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Маусым айында Түрікменстанның қауіпсіздік қызметі қарулы төңкеріс әрекетінің жолын кесіп, 20 түрікмен азаматын ұстады, деп жазды Turkmen.news бірнеше дереккөзге сілтеме жасап.
Ұсталғандар қамауға алынды. Басылым басты қастандық жасаушы бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Пайзыгелді Мередовтің ұлы – Батыр Мередов екенін хабарлады. Басылым ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Ходжатовтың ұсталғаны туралы да хабарлаған.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қарулы қастандық туралы ақпарат таралмауы үшін елде интернет бұғатталған.