Полиция Стамбул техникалық университетінің геофизика профессоры, жер сілкінісі бойынша маман Овгюн Ахмет Эрдженды "қоғамда өшпенділік пен араздық тудырды" деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі TGRT телеарнасына сілтеме жасап жазды.
Телеарна мәліметінше, Эрджен Twitter-де шындыққа жанаспайтын хабарламалар жариялаған.
Мысалы, бір жазбасында профессор жер сілкінісінен қираған Кахраманмарашта сарбаздардың кеш келуіне байланысты әйелдер зорланғанын жазды - екі күн өткен соң.
Сондай-ақ, Ахмет Эрджен Мальтада жер сілкінісінен кейін мыңға жуық бала жоғалып кеткені туралы хабарлама жариялады және оларды мафия органдары үшін немесе балалар порнографиясы үшін ұрлап әкеткен болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Сейсмолог әлеуметтік желідегі соңғы жазбасында туыстарынан айырылған жас қыздарды имамдар күштеп күйеуге шығарып, белгісіз біреулер алып кеткенін жазған.
28 ақпанда Овгюн Ахмет Эрджен Бас прокуратураның нұсқауымен Элязыгте ұсталды. Тергеу аяқталған соң күдікті сот алдына барады.