ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр.
Энергетикалық санаты – 11.7.
MPV магнитудасы – 5.7.
Тереңдігі – 25 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.