Таиланда қазақстандық турист есінен адасып, адамдарға шабуылдаған

Таиланда қазақстандық турист есінен адасып, адамдарға шабуылдаған

Полиция Таиландтың Пханган аралының Хаад-Рин жағажайында "адамдарға шабуыл жасап, мүлкін қасақана бүлдіргені" үшін қазақстандық туристі ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengritravel.kz тілшісі жергілікті "CH3" телеарнасына сілтеме жасап жазды.

Пханган полициясына Хаад-Рин жағажайында шетелдік туристің "есінен адасқаны" туралы хабар түскен.

 

"Ол адамдардың қыр соңынан қалмай, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасап, курортта және жағажай маңындағы мейрамханаларда адамдардың мүлкіне залал келтірген", - деп хабарлайды "CH3" каналы.

 

Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлері қазақстандықты ұстамақ болғанда, ол пирстен секіріп, теңіз ортасындағы жартастарға шығып алған.

 

"Ол қолымен бұлғап, қазақша айғайлаған (негізінде орыс тілінде - авт. түсіндірмесі), видеодан байқауға болады", - деп жазды таиландтық ThaiRath басылымы.

 

 

Полиция мәліметінше, ер адаммен бірге екі әйел болған, олар полицейлермен бірге судан шығып, өз әрекеті үшін жауап беруін талап еткен. Алайда тілді білмегендіктен келіссөздер қиынға соққан.

 

"СН3" телеарнасының мәліметінше, жасы мен есімі айтылмаған қазақстандық полицияға сыра ішіп, апиын шеккеннен кейін өзін ұстай алмағанынан айтқан. Ер адам барлық залалды өтейтінін мәлімдеген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста