Ауғанстандағы университет автобусындағы жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы 13-і ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tolo News порталына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 29 мамырда Ауғанстанның Баграм ауданындағы Парван провинциясында болған.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар - Альберони университетінің оқытушылары.
Сонымен бірге жергілікті БАҚ автобуста студенттер болғанын жазды.
Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.