Секс менің өмірімді бүлдірді: 400 әйелмен төсектес болған жігіттің оқиғасы (фото)
Ұлыбританиядағы Кройдон қаласының тұрғыны 22 жастағы Бенни Джеймс «Твиттер» желісінде жүздеген қыздармен танысып, оларға ашық төсек қатынасы туралы ұсыныс жасап отырған. Ол жалаңаш қыздармен түскен суретін жариялап-ақ, 50 мың адам жинап алған.
Бұл туралы super.ru сайты хабарлайды.
Енді қыздар өздері қазір жаппай Бенниді іздеу үстінде екен. Өзіне ұнағандарын Бенни ретвит жасап отырады. Оған әрбір үш әйелдің екеуі өзара секске келісімін береді екен. Артылып қалатыны сонша, ол тіпті төрт-бес әйелді кейінге қалдырып отырған.
Қазірге дейін 400-ге жуық әйелмен төсектес болып үлгерген Бенни, өзін жалғыз әрі тіршілікті мағынасыз сезінетінін айтқан. Ол қандай да бір «ерекшелікті» аңсайды екен. Көпшілік әйел тек жыныстық тұрғыда араласып, бір түннен соң екеуара байланыстың үзілетініне Бенни қынжылыс білдірген.
«Мен отбасын құрып, тыныш өмір сүргім келеді. Әртүрлі қыздармен, әйелдермен бірге болу да еш қызықсыз дүниеге айналып барады. Жылдың басында араласатын қыздарымның саны 10-ға да жеткен жоқ. Бірақ, аптасына екі қыздан артық араласқым келмейді. Бір сексті қайталай бергеннің қандай қызығы бар. Мейлі, ол Рианна болса да. Менің ең ұзақ араласқаным – бір ғана апта, ал әдетте бір күннен аспайды», – дейді Бенни.
«Қыздар тек сексті ғана ойлап тұрады. Оларда романтикалық көзқарастың болмауына өкінемін. Мәселен, мен оларды балық аулауға, саябаққа қыдыруға, жәй ғана тамақ ішіп қайтуға шақырғым келеді. Секс менің өмірімді бүлдірді», – деп қосып өтті ол.
Қазіргі кезде оның аккаунтына 91 мың адам жазылған. Ал, Беннидің соңғы үш күнде ретвит жасаған қыздары мыналар: