Сауд Арабиясы билігі гиганттық текше формасындағы зәулім ғимарат салу жоспары туралы айтты. Бұл ғимарат бас қаланың жаңа ауданының жүрегі болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Interior басылымына сілтеме жасап.
Әр беті 400 метр болатын алып текше ғимарат Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта салу жоспарланған. Бұл туралы елдің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман мәлімдеді.
Мукааб ("текше" деп аударылады) ғимаратында мұражай, технология және дизайн университеті, иммерсив театр және 80-нен аса ойын-сауық орындары орналасады.
Ғимараттың қабырғаларына ішкі жағынан келушілерді мұхит түбіне немесе тіпті Марста жүргендей әсер қалдыратын суретті трансляциялау жоспарланған - атмосфералық тақырыптар әр түрлі болады.
Сонымен қатар, текше маңында жаңа аудан салынады, онда 100 000 тұрғын үй, көптеген дүкендер және кеңсе ғимараттары болады.
Мукааб "заманауи голографиялық цифрлы және виртуалды технологиялармен" қамтылған "әлемдегі алғашқы еліктірер тәжірибелік бағыт" болатыны айтылады. Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметінше, фантастикалық жоба 2030 жылға дейін аяқталуы керек.