Гүлдеген сакура Жапония экономикасына 4,5 млрд доллар пайда әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Наурыздың аяғында басталатын әдемі маусымды көзбен көру үшін көп турист келеді. Бірақ 1-2 жыл бұрын карантиндік шектеу шараларына байланысты ондай мүмкіндік болмаған. Жапонияда сакураның гүлдеуі көктемнің басталуын білдіреді. Оны жергілікті тұрғындармен қатар шетеліктер де асыға күтеді.