Ресейдің құқық қорғау органдары Иркутск облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның 500 азаматы арасында болған жаппай төбелес фактісі бойынша жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 23 маусымда Жигалов ауданының Ковыкты газ конденсаты кен орнында болған.
Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігінің кеңсесі зардап шеккендермен жедел байланыс орнатты.
Қырғыз Республикасының 5 азаматы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.
Иркутскідегі елшілік кеңсесінің консулы Қырғызстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізу үшін оқиға орнына барды.
Бұл мәселе Ресей Федерациясының Иркутск қаласындағы Қырғызстан елшілігі кеңсесінің бақылауына алынғаны өтілді.