Сычуань провинциясындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) құрылыс алаңында су тасқыны салдарынан төрт адам қаза тауып, 48 адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Оқиға 21 тамызда Сычуань провинциясының Цзиньян уезінде болған.
Толассыз жауған жаңбыр тас жолдың құрылыс алаңында тау тасқынына ұласқан. Төтенше жағдай кезінде нысанда 201 адам болса, оның 149-ы құтқарылды.
Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Полиция құрылыс компаниясының бес қызметкерін ұстады. Олар еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзды және оқиға туралы жалған ақпарат берді немесе ұсынбады деген күдікпен ұсталған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz