Қырғызстанда президенттің жиені ұсталды

Қырғызстанда президенттің жиені ұсталды

Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының мәліметінше, ер адам 26 шілдеге дейін 1 тергеу изоляторына қамалды деп жазды Sputnik Қырғызстан.

 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев бұл шынымен де мемлекет басшысының туысы екенін растады.

 

Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады.

 

"Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті", - деді Сұлтанбаев.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста