Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде қараусыз қалған жүк көлігінде 46 мигранттың мәйіті табылды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Өрт сөндіру қызметкерінің айтуы бойынша, 16 адам, оның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді. Тағы бірнеше адам ыстық ауадан зардап шекті.
Америка-Мексика шекарасынан 250 км қашықтықта орналасқан Сан Антонио контрабандашылар үшін транзиттік бағыттың негізгі нүктелерінің бірі.
«Құтқарушылар оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 4:00) қайтыс болған адам туралы хабар түскеннен кейін барды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жүк көлігінің қасында өлі адамның денесін тапқан. Кейін көліктің есігін ашқан кезде тағы бірнеше адамның денелерін көрді», деді Сан-Антонио өрт сөндіру бөлімінің бастығы Чарльз Худ.
Сондай-ақ жүк көлігінде ауа салқындатқыштың орнатылмағанын, судың болмағанын атап өтті.