Пригожин Беларусьте компаниясын тіркеді
Жақында Мәскеу билігіне қарсы шеруге шыққан Вагнер тобының басшысы Беларусьте жылжымайтын мүлікті басқарумен айналысатын компанияны тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Евгений Пригожин негізгі қызметі «Жылжымайтын мүлікті басқару» болатын «Конкорд Менеджмент энд Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашты. Reform.by редакциясы Беларусь Әділет министрлігінің заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінен осыны растайтын құжаттарды тауып алып, анықтаған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қорында небәрі 200 беларусь рублі (шамамен 80 доллар) бар екені және 2023 жылдың 19 шілдесінде Пригожин Мәскеуден кеткеннен кейін дала лагерін орнатқан мекен-жайда, яғни Цельва ауылында тіркелгені белгілі болды.
Редакция Беларусь компаниясының 100% иесі ресейлік «Конкорд Менеджмент и Консалтинг» (1037843002515) екенін жазады, ал Пригожин Евгений оның «басшысы» ретінде көрсетілген.
Пригожин Беларуське ел президенті Александр Лукашенкомен келіссөздерден кейін келді. Ол «компания жауынгерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтып, қолайлы жағдай жасалатын «сапарға» шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін бүлік шығарды деп айыпталған Вагнер тобының басшысы Мәскеуге «әділдік маршын» жасады.
Оқиға Ресей Қорғаныс министрлігін өз жауынгерлеріне «оқ жаудырды» деген айыптан басталып, қанжығасына шоқпарын қыстырған Пригожиннің Мәскеу түбіне дейін баруымен аяқталған болатын. Көпшілік Украинамен соғыс жүргізудің қате саясат екенін айтып, билікті айыптады. Осы кезде Лукашенко ара ағайын болып, Путин мен Пригожин екеуінің арасындағы дауға нүкте қойған болатын.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz