Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Ростовтағы оқиғалардан кейін төбе көрсеткен "Вагнердің" негізін қалаушы Евгений Пригожин өзінің жеке әскери компаниясын таратқысы келгенін, осы жайт бүлікке түрткі болғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Евгений Пригожиннің баспасөз қызметі "Вагнер" ЖӘК басшысының "болған оқиғаларға қатысты" берген түсініктемесінің аудиосын жариялады.

 

Бұл Пригожиннің бүлік басылғаннан кейінгі жасаған алғашқы мәлімдемесі:

 

"Вагнер" ЖӘК - Ресейдегі ең тәжірибелі бөлімше, ол даурықпа, алып-қашпа сөздерге байланысты 1 шілдеде тарауы керек болатын. Командирлер кеңесі ақпаратты жауынгерлерге жеткізді, ешкім Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға келіспеді.

 

Қорғаныс министрлігі қатарына өткен жауынгерлер саны аз, шамамен – 2%.

 

Ешқандай агрессия көрсетпесек те, бізге зымыранмен соққы берілді. 30 адам қаза тапты. Кейбіреулері жарақат алды. Осы жайт шалт қимыл жасап, алға жылжуымызға түрткі болды.

 

Коллонаның бірі Ростовқа, екіншісі Мәскеуге қарай бағыт алды. Жолдағы сарбаздардың бір де біріне ешкім тиіспеді. Біз авиацияға соққы беруге мәжбүр болғанымызға өкініш білдіреміз, бірақ олар бізге бомба тастады.

 

Жасақтың жылжудағы мақсаты Украинадағы қақтығыс кезінде қателік жіберген адамдарды жауапқа тарту болды. Мұны халық пен әскери қызметкерлер талап етті.

 

Біздің Әділеттілік шеруі бүкіл ел бойынша қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің бетін ашып берді.

 

Пригожиннің айтуынша, "мұны қоғам талап етті. Шеру кезінде кездескен барлық әскери қызметші бізді қолдады".

 

ЖӘК басшысы бірінші шабуылдаушы жасақ Мәскеуге 200 шақырым қалғанда вагнершілердің кілт тоқтағанын баса атап өтті. Осы кезде олар аталған аймаққа барлау жүргізіп, көп қан төгілетінін білген.

 

Осы уақытта Лукашенко байланысқа шығып, "Вагнер" ЖӘК-тің одан ары қарай заңды жұмыс істеу жолын табуды ұсынған.

 

Евгений Пригожин:

 

– Біз 24 сағат ішінде 2022 жылы 24 ақпанда Ресей әскерінің Киевке дейінгі және сол нүктеден қалаға дейінгі қашықтыққа сәйкес келетін қашықтықты жүріп өттік, сондықтан егер 2022 жылы 24 ақпандағы арнайы операция бойынша ұрыс-қимылдарды "Вагнер" ЖӘК қатарындағыдай оқытылған, моральдық дайындық деңгейі жоғары бөлімше орындаса, онда, мүмкін бұл бір күнге ғана созылар ма еді.

 

Ол жолға елдегі билікті құлату үшін шықпағанын баса атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста