Аты аңызға айналған футболшы Пеле үшінші рет үйленді. 75 жастағы бразилиялықтың жұбайының есімі – Марсия Сибель Аоки. Жеке бизнесі бар Аокидің жасы 42-де.
Пеле алғаш рет 1966 жылы шаңырақ көтеріп, 1982 жылы әйелімен ажырасып кеткен. Сол некеден екі ұл мен бір қызы бар. Екінші рет бразилиялық 1994 жылы отбасын құрып, 2008 жылы некесін бұзған болатын. Ол әйелінен егіз ұлдары бар, деп жазады eurosport.ru.