Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басқармасы өзбекстандық тұрғындарды сексуалды құлдыққа жіберумен айналысқан ұйымның екі мүшесін тұтқындады. Бұл туралы Sputnik жазады.
Олар өзбекстандық қыздарды Бангкокқа құлдыққа жібермек болған.
Өзбекстан азаматшалары Л.Сафаева мен Н.Усмонова қыздарды Бангкокке сексуалды экплуатацияға жіберуді жоспарлаған. «Тірі тауарды» шекарадан шығару «Ташкент-Киев-Бангкок» маршруты бойынша жүзеге асқан. Украинаға келген кезде тұтқындары өздерінің сол елдегі адамдары күтіп алған. Ал Киевтегі қыздарды күтіп алатын өкілдің әуежайда «байланыстары» болған. Олар ары қарай тұтқындары Таиландқа жіберуді қамтамасыз еткен.
Өзбекстан Қылмыстық Кодексімен аталған қылмыскер әйелдер сотқа тартылды.
Айта кетейік, Өзбекстан азаматшаларын Түркия, БАӘ, АҚШ пен Еуропа елдеріне Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина жолдары арқылы жеткізеді. Өзбекстандықтарға ұлттық құжат немесе басқа елдердің жалған құжат, визаларын жасатып жібереді.