Оқытушы мен шәкіртінің жартылай жалаңаш суреті желіде жария болды (фото)
Донецк ұлттық университеті компьютер технологиясы кафедрасының 57 жастағы меңгерушісі Виктор Толстыхтың осы оқу орнында оқитын 17 жасар көңілдесі Маргарита Пещеровамен жартылай жалаңаш қалыпта құшақтасып түскен суреттері әлеуметтік желіде жарияланып кетіп, Украинада үлкен дүрлігіске себеп болды. Бұл туралы bloknot.ru дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.
Фотоның үй жағдайында, жатын бөлмеде түсірілгені көрініп тұр.
Бірінші селфиді үлкен айнаға қарап тұрып, қыз жасаған. Онда ішкиімімен ғана қалған Маргаританы арт жағынан Виктор құшақтап тұр. Ал екінші селфидің авторы ер кісі болған. Онда ғашықтар құшақтасқан келбеттерімен көрінеді. Мұнда қыздың бюстгальтері жоқ, оқытушы жалғыз трусиімен қалған.
Кейін анықталғандай, рәсімдерді әлеуметтік желіге Маргаритамен бір топта оқитын студент жігіт салып жіберіпті. Ол суреттерді жариялай отырып, оның астына қыздың өзіне қарамай, жасы ұлғайған оқытушыны таңдап кеткеніне ренжігенін жазады. Виктордың айтуынша, суреттер студент қыздың ұялы телефонынан ұрлап алынған.
«Қайдағы бір алаңғасар менің қалыңдығым телефонын қараусыз қалдырған кезде одан суреттерді көшіріп алып, өзінің лас тірліктеріне барған, – деп жазады Толстых әлеуметтік желіде. – Осындай оңбағандар болады».
Украина баспасөзі сол бойда бұдан секс-жанжал көтеріп жіберді. Тіпті бірнеше сайт донецкілік оқытушының жастары кәмелетке толмаған бірнеше қызды бұзғаны туралы жалған ақпарларды да таратып үлгерген. Бұл мақалаларды Маргарита өзінің аккаунтына орналастырыпты.
ras.kz