Мәскеуде стол теннисінің жаттықтырушысы оқушы қыздарға жыныс мүшесін көрсетіп, қыздарға тиісу әрекетіне қатысты ұсталды. Бұл туралы МК хабарлады.
45 жастағы тәлімгер 13-15 жас аралығындағы оқушы қыздарының көзінше жыныс мүшесін ашып көрсеткен.
Бұдан басқа, ол жыныстық мүшесін қыздардың бөксесіне басып, омырауын ұстаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға «Гармония» балалар спорт орталығында болды.
Кәмелетке толмағандармен жеке сабақтар өткізу кезінде мұндай оқиғалардың төртеуінің орын алғаны белгілі болды. «ұятсыз әрекеттер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан бұрын Мәскеуде спорт мектебінде бес қыз сексуалдық зорлық-зомбылық құрбаны болған.