Өзбекстанның Миришкор ауданы Кашкадарья ауылында Наурыз мейрамын тойлау кезінде мектеп оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik-ке сілтеме жасап.
Гүл шоғын ұстаған оқушы қыздар билеп жүрген. Кенеттен қыздардың бірі жерге құлады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ дәрігерлер қыздың өлімін тіркеді.
Халық білімі министрлігі мәлімдегендей, марқұм жергілікті мектептердің бірінде оныншы сыныпта оқыған. Қыз бала кезінен эпилепсиямен ауырған.
Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын бастады.