Голландиядағы Дебби Хееренс есімді мұғалім мектептегі анатомия сабағын ерекше әдіспен өткізіпті.
Педагог сабақ кезінде партаға шығып алып, шешініп тастапты. Бірақ киімінің ішінен адамның қаңқасы салынған костюм киген екен.
Осылайша мұғалім балаларға адам құрылысының қай жерінде қандай бұлшық еттер мен қандай сүйектер болатынын өзін мысалға келтіріп түсіндіріпті.