Қытайдың Хубэй провинциясында мойын айналасына кіндігі алты рет оралған нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
16 шілдеде Ичан қаласының ауруханасына 23 жастағы Дай есімді әйел жүктіліктің соңғы аптасына байланысты жеткізілген.
Дәрігерлер оған ультрадыбысты тексеру жасады, нәтижелер іштегі сәбидің мойнында кіндік оралғанын көрсетті. Бір аптадан кейін Дай тағы бір тексеруден өтті. Бұл жолы дәрігерлер кіндік екі рет оралғанын байқады.
30 шілдеде Дайдың толғағы басталды. Дәрігерлер оған кесарь тілігін жасамады, өйткені ол да, нәресте де өзін жақсы сезінді. Баланы босандыру сәтті өтті: салмағы үш келі болатын дені сау бала дүниеге келді. Алайда дәрігерлер баланың мойнына алты рет оралған кіндікті көргенде шошып кетті. Акушерлердің бірі 23 жылдық тәжірибесі кезінде мұндай нәрсені көрмегенін айтты.
Дәрігерлер баланы кіндікке тұншықпауының себебін түсіндіріп берді, өйткені ол өте ұзын болған - шамамен 90 сантиметр, әдетте 50 сантиметр болады. Ол қысқа болғанда бала босану кезінде тұншығып қалуы мүмкін еді.
Қазір анасы мен баласын ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. Журналистермен сөйлескенде Дай баласының айтқан тілім алмайтынын айтып әзілдеді, өйткені ол құрсағында тым көп болған.