Мейрамхана иесі клиенттеріне телефонға телміріп отыруға тыйым салды

Мейрамхана иесі клиенттеріне телефонға телміріп отыруға тыйым салды

Жапонияның Токио қаласында Кота Кай есімді Debu-Chan мейрамханасының қожайыны өзінің мекемесінде ерекше ереже енгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ japantoday сайтына сілтеме жасап.

Мейрамхана қонақтарына тамақ ішу кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады. Әдетте кей адамдар смартфонына сағаттап телміріп отыра береді. Ал бұл өз алдына астануға келген жаңа клиенттерге орын жетпей қалуына себеп болуы мүмкін. Бірақ мейрамхана қожайынының мұндай тыйымды енгізуінің басты себебі ол емес. Кота Кай сорпада тым ұзақ қалқып тұрған кеспенің сыртқы түрі нашарлап, адамның тәбетін бұзатынын айтты. Сондықтан қолындағы телефонға телміріп отыратын клиенттерге өз тағамын ұсынбауды жөн көрді. Дәмді тағам құрметті қажет етеді және оны мүмкіндігінше тезірек жеу керек дейді мейрамхана қожайыны. "Жанымды салып дайындаған раменді көз алдымда сағаттап жемей отырғанын көргенде күйзелемін", - дейді ол. Debu-Chan мейрамханасында ұялы телефондарға тыйым салынғаны туралы ешбір ескертпе ілінбеген. Мейрамхана иесі әр қонағына өзі жақындап, смартфондарын қоя тұруды және жақсылап тамақтанып алуды өтінуге ерінбейді екен. Көп жағдайда қонақтар қожайынның сөзіне құлақ асады. 

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста