Мейіргер 10 жыл бойы пациенттерін жасырын зорлап келген

АҚШ-та мейіргер болып істейтін бір ер кісі 10 жыл бойы ауруханада ұйықтап жатқан пациент қыз-келіншектерді зорлап келген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі mk.ru сайтына сілтеме жасап жазды.

61 жастағы мейіргер Кристофер Ламброс 10 жыл көлемінде ауруханада дәрі арқылы ес-түссіз ұйықтап жатқан қауқарсыз пациенттерді түн ішінде, оңашада зорлап, сол сәтті өзі видеоға түсіріп отырған.

 

Ламброс бұдан 10 жыл бұрын, яғни 2012 жылы 12 маусымда мейіргер лицензиясын алғаннан кейін Колорадо штатының Гранд-Джанкшен қаласындағы Әулие Мария ауруханасына жұмысқа орналасады. Ол бұдан да басқа бірнеше жеке клиникаларда қосымша жұмыс істеп, ақша тауып жүреді.

 

Мейіргерді тергеу амалдары клиника қызметкері берген шағымнан кейін басталды. Қызметкер әйел бір жолы Кристоферді ес-түссіз жатқан әйелдің жеңіл желеңін түріп жіберіп, селфи жасағалы тұрған кезінде кездейсоқ көріп қалады. Ламброс қызметкер әйелді көрген бойда дереу телефонын жасырып, пациенттің үстін жаба салады.

 

Осы оқиғадан кейін мейіргер ер кісі тергеуге шақырылады. Бірақ ол бәрін жоққа шығарып, өзінің тек екпе жасамақ болғанын айта береді. Алайда полицей сол кезде оның ұялы телефонын алып, тексеруге кіріседі. Сонда мейіргердің түсіріп алған видеоларының бәрі алдынан шыға келеді.

 

Қылмыскер сол бойда қамауға алынды. Әзірге ол үш эпизод бойынша ғана тергеуден өтіп жатыр. Дегенмен күдіктінің құрбаны болғандардың саны енді анықтала түседі. Тергеушілер олардың жүздеген, тіпті мыңдаған болуы мүмкін екенін де айтып отыр.

 

Зардап шеккендер де қазір зорлықшы жұмыс істеген аурухананың өзінің үстінен талап-арыз беруге кіріскен. Олар медициналық мекеме басшылары Ламбростың әрекеті жөнінде білмеуі мүмкін емес деп есептейді. Тым құрығанда, басшылар оның ұйықтатын дәріні мөлшерден көп пайдаланып келгеніне назар аудармағанына қайран қалады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста