Лукашенконың үлкен ұлы Беларусь елінің келесі президенті болатыны рас па?

Лукашенконың үлкен ұлы Беларусь елінің келесі президенті болатыны рас па?

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі билікті балаларына, атап айтқанда үлкен ұлына беруге ниетті деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) сайты есеп беру-сайлау олимпиадалық жиналысында президенттің үлкен ұлы, оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Виктор Лукашенко спорт ұйымының жаңа басшысы болып сайланғанын хабарлады. Ол 1997 жылдың мамыр айынан бастап ҰОК президенті болған әкесінің орнына жайғасқан еді.

 
"Ең бастысы, билік транзиті, Лукашенко билікті үлкен ұлына береді, ол елде өз үстемдігін жүргізетін болады дегенді көптеп естіп жүрген боларсыз. Біздің отбасымызда бұл ешқашан талқыланбағанын және талқыланбайтынын жиі айтамын. Себебі менің бірде-бір балам менен кейін президент болмайды", - деді Лукашенко жұма күні ҰОК басшылығын сайлау рәсіміне дейін.

Ол өзінің ұлы Виктор ҰОК басшысы болып сайланғанда мемлекеттік қызметші болмайтынын атап өтті.

"Ол бүгін президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылады", - деді Беларусь президенті.

2019 жылдың қараша айында Виктор Лукашенко Ұлттық Олимпиада комитетінің бірінші вице-президенті болып сайланды.

Александр Лукашенконың үш ұлы бар: үлкені - Виктор, ортасы - Дмитрий, кішісі - Николай.

Дмитрий Лукашенко "Президенттік спорт клубы" Беларусь республикалық мемлекеттік-қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің төрағасы қызметін атқарады, сондай-ақ Беларусь ҰОК мүшесі болып табылады.

Николай Лукашенко 16 жаста. Ресми іс-шараларда әкесі жанынан қалмайды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста