Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын шаш үлгісі мен қасының көлемін өзгертіпті. Оны америкалық Time журналы байқап қалып, хабар таратты, - деп жазады Лента.ру.
Ол шашы артқа қайырылған жаңа образбен 18 ақпанда өткен партия отырысына келіпті. Батыс журналистері Солтүстік Корея лидерінің шаш үлгісі пішіні жағынан трапецияға ұқсайды деп жазған.
Ал People журналы солтүстіккорейлік көшбасшының шашын Голливуд жұлдызы Уилл Смиттің 90-жылдардағы шашына ұқсатыпты.
Естеріңізде болса, 2014 жылдың наурызында Солтүстік Кореяда колледж студенттері де шаштарын Ким Чен Ынның шаш үлгісіндей қидыртуға міндеттелген болатын.Ал қыздарға шаштарын КХДР басшысының әйелі Ли Соль Чжуге қарап түюге кеңес берілді.