Kia Қазақстанда EV6 электрмобилін ұсынды

Allur қазақстандық автокөлік компаниясының құрамындағы Kia-ның ҚР ресми дистрибьюторы Қазақстанда Kia EV6 толық электрлі жоғары технологиялық кроссоверін ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол көптеген беделді халықаралық марапаттардың лауреаты атанды, оның ішінде 2022 Best of the Best car design от Red Dot, 2022 German Premium Car of the Year және 2022 European Car of the Year. Сондай-ақ Kia EV6 жетекші тәуелсіз Euro NCAP ұйымының краш-сынақтарының қорытындысы бойынша ең жоғары баға – 5 жұлдызды иеленді.

EV6 – E-GMP арнайы электрмобиль платформасы негізінде жасалған алғашқы Kia моделі. Осы жоғары  технологиялық платформаның арқасында EV6 бастапқыда іштен жанатын қозғалтқыштары бар автокөліктерге арналған платформа негізінде жасалған электркарлар тап болған қиындықтарға жол бермейді. Соның нәтижесінде EV6-ның ішкі кеңістігі өз санатында ең жақсы, 500 км астам әсерлі жүріс қоры және 800 Вольтты кернеуден өте жылдам қуат алу технологиясы бар. Соның арқасында сыйымдылығы жоғары тартымдық батареяға небәрі 18 минуттың ішінде 10-нан 80%-ға дейін қуат беруге болады.

Kia EV6 "Қарама-қайшылықтардың бірлігі" дизайнының жаңа философиясы негізінде жасалған. Оның сыртқы түрінде әсерлі стилистикалық элементтер мен тартымды мүсіндік пішіндер үйлесім тапқан. Шанағы жоғары аэродинамикалық тұрғыдан тексерілген. EV6-ның кең салоны жинақы әрі технологиялық. Мысалы, интерьердің көзге түсетін элементтерінің бірі – жоғары сапалы 12,3 дюймдік аспаптар панелінің дисплейлері мен мультимедиа жүйелерін біріктіретін иілген экран. Ал жұқа және жеңіл креслолар эко-былғарымен қапталған.

Қазақстанда Kia EV6 жалпы қайтарымы 325 а.к. және 605 Н•м тең екі электрмоторы (әр оське бір-бірден) бар, толық жетекті және сыйымдылығы 77,4 кВт ұлғайтылған тартымдық батареясы бар нұсқада ұсынылды. Мұндай EV6 5,2 секундта 100 км/сағ дейін үдейді.

Жаңа өнімнің екі жабдықталымы бар, олар – Earth және GT Line. Басқалармен қатар, бейімделген  матрицалық LED-фаралар, алдыңғы әйнектегі аспаптардың проекциясы, Meridian премиум-аудиожүйесі, айналаны шолып қарау жүйесі, алдыңғы орындықтарды желдету, тоғыз қауіпсіздік жастықшасы және Drive Wise жүргізуші көмекшілерінің кешені, оның ішінде Stop&Go қызметі бар бейімделген круизді бақылау қамтылған.

Қазақстандағы Kia EV6-ға зауыт 5 жылға немесе 150 000 км жүріске кепілдік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста